Қазақстан Ұлттық Банкі

Төлем жүйелерін қадағалау

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» ҚР заңының 8 және 48-баптарына сәйкес төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады.

Төлем жүйелерінің оверсайты (қадағалау) – төлем жүйелерінің тиімді, қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ өзге де қадағалау объектілерінің тиімді жұмыс істеуін, пайдалануды және дамытуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын төлем жүйелері бөлімшесінің қызметі.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» ҚР Заңының 48-бабына сәйкес төлем жүйелерiн қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi:

  • төлем жүйелеріне қадағалау (оверсайт) жүргізу тәртібін белгілеуге;
  • төлем жүйелерiн ұйымдастыру және олардың жұмыс iстеу шарттары мен тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға;
  • төлем жүйелерiнiң мониторингiн жүзеге асыруға;
  • төлем жүйелерiн ұйымдастыруды және олардың жұмыс iстеуiн тексеруге;
  • төлем жүйелерiнiң қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;
  • төлем жүйелерiне қатысушылардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы.

Төлем жүйелерінің оверсайт объектілері мыналар болып табылды: банкаралық ақша аудару жүйесі, банкаралық клиринг жүйесі, банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесі, төлем құралдары, төлем карточкаларының нарығы және халықаралық ақша аударымдарының нарығы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалауды жүзеге асыру ережесіне және  Қазақстан Республикасының төлем жүйелерін қадағалауды жүзеге асыру тұжырымдамасына сәйкес төлем жүйелерін қадағалауды жүзеге асырады.

Электрондық банк қызметтері және төлем жүйелері нарығының шолуы

Бұдан әрі
Жоғарыға