Қазақстан Ұлттық Банкі

Капиталдың қозғалысы

500 мың АҚШ долларынан астам сомаға (не соманы көрсетпей) капиталдың қозғалысы бойынша шарт жасағаннан кейін қазақстандық жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстанның Ұлттық Банкіне есептік тіркеуден өтуге өтініш жасау қажет.  Заңды тұлғаның шетелдік банкте шот ашуы да тіркеуді талап етеді.  

1. Шарт жасау 

1. Капиталдың қозғалысы валюталық операцияларға не жатады? 

Бұл шарттар: қаржылай  қарыздар, инвестициялар туралы, бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен операциялар, бірлескен қызмет туралы, жылжымайтын мүлікті немесе зияткерлік қызметке меншік құқығын сатып алу туралы, брокерлер- дилерлермен операциялар, сенімгерлік басқару, трастар, валюталық құндылықтарды өтеусіз беру туралы.

2. Ұлттық банктің филиалына өтініш беру

2. Есептік тіркеу деген не?

Бұл валюталық шартқа есептік нөмір беру және кейіннен есептер ұсыну рәсімі  

3. Есептік тіркеуден өту үшін қайда өтініш жасау керек? 

Қазақстанның Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет (жеке тұлға үшін - тұрғылықты тұратын жері бойынша, заңды тұлға үшін - орналасқан жері бойынша).
Есептік тіркеуді алуға электрондық өтінімді Ұлттық Банктің https://nbportal.nationalbank.kz/ порталына беруге болады.

4. Есептік тіркеу алу үшін қашан  өтініш жасау қажет?

Есептік тіркеу алу үшін валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот бойынша операциялар жүргізгенге дейін өтініш жасау қажет. 

3. Шартты есептік тіркеу

5. Қандай құжаттар ұсыну қажет? 

Өтініш, жеке куәлік/төлқұжат (жеке тұлғалар үшін),  валюталық шарттың  қазақ және орыс тілдеріндегі тігілген, куәландырылған көшірмесі.

6. Есептік тіркеу қандай мерзімдерде жүргізілетін болады?

Есептік нөмір бес жұмыс күні ішінде беріледі. 

7. Есептік тіркеуден қандай операциялар өтпейді?

Валюталық заңнамамен есептік тіркеу үшін кейбір ерекшеліктер көзделген. Капиталдың қозғалысы бойынша шартқа есептік нөмір алудың қажеттілігін нақтылау үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына жүгіну қажет. 

8. Есептік тіркеу алу үшін өтініш жасау және кейіннен есептілік ұсыну  мерзімдерін сақтамаған кезде қандай шаралар қолданылуы мүмкін?   

Есептік тіркеу алу үшін уақытында өтініш жасамаған жағдайда бірінші бұзушылық кезінде ескерту жарияланады, екінші қайтара бұзған кезде - айыппұл салынады.
Есептік нөмірі бар шарттар бойынша есептілікті уақытында ұсынбаған немесе мүлдем ұсынбаған кезде ұқсас жазалау түрлері көзделген.

4. Шарт бойынша операцияларды жүргізу

9. Шарт бойынша операцияларды есептік тіркеусіз жүргізу мүмкін бе?

Қызмет көрсететін банктің валюталық бақылауы есептік тіркеуді жүзеге асырғанға дейін төлемді жүргізбейді.

5. Есеп беру

10. Шартты есептік тіркегеннен кейін қандай есептілікті тапсыру  қажет?

Есеп нысандары бұл сілтемеде орналасқан  https://nationalbank.kz/kz/news/formy-statisticheskoy-i-administrativnoy-otchetnosti/7369

6. Шартты есептік тіркеуден шығару

11. Шартты есептік тіркеуден шығару үшін не істеу керек?

Шарт резиденттің жазбаша хабарламасы негізінде және Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде қарастырылған себептер бойынша есептік тіркеуден шығарылады.

Жоғарыға