Валюталық операцияларды мониторингтеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операцияларға қатысушы резиденттерден және валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүзеге асыратын уәкілетті банктерден валюталық операциялар туралы, сондай-ақ шетелдік банктердегі шоттар туралы ақпарат алу арқылы жүзеге асырады. Мониторинг валюталық операциялар мен капитал ағындары бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Есептік тіркеуталабы қолданылатын валюталық шарт бойынша төлемдер мен аударымдарды уәкілетті банктер төлем құжаттарында осындай шарттың деректемелері мен оның есептік нөмірін көрсеткен кезде жүргізеді.
Есептік тіркеу талаптары капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттардың қатысушылары резиденттер (уәкілетті банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) болған кезде қолданылады.
Есептік тіркеу валюталық шартқа есептік нөмір беруді (валюталық шарттың бірінші парағына қою жолымен, яғни куәлік берусіз) және кейіннен резиденттің ҚРҰБ аумақтық филиалына есептік нөмірді пайдалана отырып, ол бойынша мәліметтер мен есептерді ұсынуды көздейді.
Осы операцияларды ірі мөлшердегі капитал қозғалысы операцияларына жатқызудың шекті мәндері Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларында белгіленген. Валюталық шарттың сомасы 500 мың АҚШ доллары баламасынан асатын капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеу. Егер капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартта оның сомасы көрсетілмесе, онда мұндай шарт есептік тіркелуге тиіс шарт ретінде қарастырылады.
Резидент-заңды тұлғалар шетелдік банктегі (банктер мен шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) ашқан шоттарына есептік нөмір алу үшін осы шотты пайдалана отырып операциялар жүргізгенге дейін өтініш жасайды. Жеке тұлғалардың шетелдік банктердегі ашқан шоттары туралы хабарламалары талап етілмейді.
Есептік тіркеу мерзімі - құжаттардың толық көлемде ұсынылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде.
Заңды және жеке тұлғалар үшін:
Негізінде және (немесе) орындалуы үшін капитал қозғалысы операциялары жүргізілетін валюталық шартқа есептік нөмір беруге, шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беруге және есептік нөмірін есептік тіркеуден шығаруды және есептік нөмірлердің тізілімінен алып тастауға арналғанөтініш нысаны.
Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа қатысушы-резидент капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру үшін өзінің тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлға үшін) не орналасқан (заңды тұлға үшін) жері бойынша орналасқан Ұлттық Банктің аумақтық филиалына қағаз тасығышта не Портал («Валюталық шарттарды есептік тіркеу» функционалына құқықты таңдау қажет) арқылы электрондық түрде өтініш пен қажетті құжаттардың көшірмелерін жібереді.
Уәкілетті банктер эквиваленті 50 мың АҚШ доллары сомасына жүргізілген барлық валюталық операциялар туралы, оның ішінде клиенттердің тапсырмасы бойынша тұрақты есептілік нысанында хабардар етеді.