Қазақстан Ұлттық Банкі

Цифрлық қаржы инфрақұрылымы

Технологиялардың қарқынды даму жылдамдығын, қаржы нарығындағы бәсекелестікті және ағымдағы тұтынушылық сұраныстарды ескеретiн қаржы нарығына қатысушылар мен бөгде қызметтерді жеткізушілер арасындағы ашық қауіпсіз өзара іс-қимыл, кросс-салалық деректермен алмасу және қауіпсіз цифрлық қаржы сервистерін дамытуға мүмкіндік беретін инновациялық цифрлық жобалармен және ұсыныстармен тұрақты цифрлық қаржы экожүйесін қалыптастыру кезіндегі түйінді технологиялық шешімдер болып табылады. Олар қаржы өнімдері мен қызметтерінің қолжетімділігі мен функционалдығын кеңейтеді.

 Осындай мақсаттарға қол жеткізу үшін ҚРҰБ қаржылық тұрақтылықты нығайтуға және салауатты бәсекелестікті дамытуға бағытталған бірқатар жүйелік маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда, оның ішінде:

 - Банкаралық операциялар бойынша онлайн төлемдер және ақша аударымдары сервистерін қамтамасыз ету үшін Ұлттық төлем жүйесі (Лездік төлемдер жүйесі және Төлем карточкаларының банкаралық жүйесі);

- Биометриялық деректерді, сандық келісімді, KYC сервисін (ағылш. - Know Your Customer) және т. б. қаржылық және қаржылық емес қызметтерді ұсыну кезінде;

- Ашық интерфейстер негізінде төлем қызметтерін жеткізушілердің операциялық және қауіпсіз ақпараттық өзара әрекеттесуіне арналған OpenAPI платформасы.

 Осы бастамаларды енгізу бірыңғай төлем кеңістігін қалыптастыруға, өз қаражатына кедергісіз қол жеткізуге және тұтынушылар үшін дербес деректерді басқаруға мүмкіндік береді, ал "тең қолжетімділік" архитектуралық қағидаты нарықтың барлық қатысушылары үшін қаржылық қызметтерді цифрлық форматта көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 Нысаналы қаржы инфрақұрылымын және цифрлық қаржы сервистерінің экожүйесін дамыту төмендегi нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

1) елдің азаматтары мен бизнес субъектілеріне банкаралық төлемдер мен аударымдарды онлайн режимiнде кедергісіз жүзеге асыру мүмкіндігін, оның ішінде жедел ақша аударымдарын қамтамасыз ету және қызмет көрсететін банкке қарамастан клиенттер үшін бірыңғай төлем кеңістігін қалыптастыруға жол ашады;

2) Open API және Open Banking технологиялары негізінде клиенттің таңдауы бойынша кез келген банктің мобильді қосымшасы арқылы азаматтардың әртүрлі банктердегі өз ақшаларына қол жеткізуін қамтамасыз ету - клиенттің өз банкінің технологиялық және функционалдық мүмкіндіктеріне немесе қолжетімді қызметтерiнің шектеуліне тәуелділігін жояды;

3) қаржылық қызметтерді алу кезінде азаматтарға өздерінің дербес деректерін бақылауға қол жеткізуді ұсыну - қаржы ұйымдарының дербес деректерге қол жеткізуіне клиенттердің келісімдерін басқару тетігін енгізу және клиенттердің дербес деректерін пайдалану кезінде бақылаусыз қолдалануға, теріс пайдалануға жол бермейдi;

4) нарық пен мемлекеттің болашақ қажеттіліктерін өзара байланыстыра отырып, төлем индустриясына инновациялардың жаһандық деңгейде одан әрі енуін талдай және болжай отырып, клиенттердің күнделікті қаржылық транзакцияларына қызмет көрсету үшін биометриялық шешімдерді кеңінен қолдану негізінде нарықтың цифрлық трансформацияның жаңа кезеңіне тиімді өтуі үшін бүкіл қаржы индустриясының ортақ міндеттерін шешуге бағытталған тең қолжетімді және перспективалы цифрлық қаржылық инфрақұрылым құрады.

Open API технологиясының, Open Banking цифрлық қаржы инфрақұрылымының маңызды компоненттерінің көмегімен қаржы секторын дамытудың қазіргі заманғы моделін сипаттау және талдау мақсатында шолу баяндамасы әзірленді. Онда цифрлық қаржы инфрақұрылымының нысаналы моделін дамыту, дербес және қаржылық деректерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ өзара ынтымақтастық есебінен жаңа цифрлық қаржылық сервистер мен платформаларды әзірлеу бойынша қаржы нарығының қатысушылары мен бөгде қызметтерді жеткізушілер үшін мүмкіндіктерді кеңейту мәселелеріне назар аударылады.

 

Сондай-ақ баяндамада Қазақстан Республикасында Open API және Open Banking дамыту бойынша негізгі мақсаттар мен міндеттерді әзірлеуге ықпал еткен басты қорытындыларды бөліп көрсетiлген. Open API реттеудің әртүрлі практикалары мен тәсілдерін және Open Banking іске асырылуын көрсететiн халықаралық шолу ұсынылған. Open API және Open Banking енгізудің жалпы моделін негіздей отырып, нарық қатысушылары, реттеуші және соңғы тұтынушы үшін Open API және Open Banking енгізудің артықшылықтары сипатталған.

 Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасындағы Open API, Open Banking және цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту бойынша жалпы шаралар мен бастамалар атап өтілді:

1) цифрлық дамудың ағымдағы мәселелері, атап айтқанда Open API дамыту мәселесі бойынша талқылаулар сериясын өткізу;

2) 2025 жылға дейінгі Жол картасымен бірге Қазақстан Республикасында Open API және Open Banking дамыту тұжырымдамасын бекіту;

3) Open API стандарттарын одан әрі әзірлей отырып, банктер мен өзге де қаржы ұйымдары үшін Open API стандарттарының тізбесін қалыптастыру;

4) Open API платформасын, Open Banking, жедел төлемдер инфрақұрылымын, пайдаланушыларды цифрлық сәйкестендірудің банкаралық сервисін қоса алғанда, цифрлық қаржылық бастамалардың негізгі элементтерін бекіту мақсатында нормативтік-құқықтық базаға басты өзгерістер мен толықтыруларды айқындау;

5) MVP құру (ағылш. minimum viable product, минималды өміршең өнім) Орталықтандырылған Open API платформасы;

6) Open API платформасының жұмыс істеуі үшін операциялық және өзге де талаптарды әзірлеу;

7) қаржылық және қаржылық емес қызметтерді ұсыну кезінде биометриялық деректерді, цифрлық келісімді, KYC сервисін және т.б. пайдалану бөлігінде қаржы ұйымдары үшін биометриялық сәйкестендіру сервисін кеңейте отырып, ұлттық биометриялық сәйкестендіру платформасының инфрақұрылымын құру;

8) Ұлттық төлем жүйесінің сервистерін масштабтау.

Жоғарыға