1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет ақша-кредит саясаты мәселелері бойынша шешім қабылдайтын орган болып табылады.

Функциялары

  • базалық мөлшерлемені белгілейді,
  • ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді,
  • Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзыретіне жатпайтын ақша-кредит саясатының өзге де мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.

Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.

Құрамы

  • Комитет Төрағасы - Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын дамыту және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен өзара іс-қимыл жасау бөлігінде қаржылық тұрақтылық мәселелеріне жетекшілік ететін бірінші орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты және қаржылық тұрақтылық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының монетарлық операциялар мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің басшысы;
  • Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры;
  • Монетарлық операциялар департаментінің директоры;
  • Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры;
  • Төлем балансы департаментінің директоры;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің Зерттеулер және талдама орталығы – Департаментінің директоры.
727.34 Кб
Жарияланған күні:
4.94 Мб
Жарияланған күні:
Жоғарыға