Ақша-кредит саясаты

Ақша-кредит саясаты дегеніміз не?

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты – бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін экономикадағы ақша құнын реттеуге бағытталған шаралар кешені. Орташа мерзімді перспективада инфляцияның тұрақты деңгейіне қол жеткізу тұрақты экономикалық өсудің негізін қалаушы факторы болып табылады.

Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының мақсаты инфляцияны белгіленген бағдарлар шегінде ұстау болып табылады.

Инфляция бойынша орта мерзімді таргет 3-4% деңгейінде белгіленген. Теңгерімді экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк инфляцияны осы деңгейге дейін біртіндеп төмендетуді жүзеге асыруға ұмтылады. Бұл үшін нысаналы бағдарлар келесі түрде орнатылды:

  • 2021-2022 жылдарға – 4-6%;
  • 2023-2024 жылдарға – 4-5%;
  • 2025 жылдан бастап – 3-4%.

Шешім қабылдау күнтізбесі

2023 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер келесі күндері 
Астана уақытымен сағ. 12:00-де жарияланады:

  • 13 қаңтар
  • 24 ақпан
  • 7 сәуір
  • 26 мамыр
  • 5 шілде
  • 25 тамыз
  • 6 қазан
  • 24 қараша
Жоғарыға