Тұрақты өкілдіктің қызметін қамтамасыз ету басқармасы
Басқарманың негізгі міндеттері:
1) өкілдік құзыреті шегінде Алматы қаласындағы ақпараттық жүйелерді, деректерді өңдеу орталығының ІТ-инфрақұрылымын және Ұлттық Банктегі өзге ІТ-шешімдерін құру, енгізу дамыту және оларға ілеспе қызмет көрсету бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және Ұлттық Банктің нормативтік емес құқықтық актілеріне, жасалған шарттарға сәйкес тиісті баланстық және баланстан тыс шоттарда және меморандум шоттарында әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша Өкілдіктің және Ұлттық Банктің Алматы қалалық филиалының операцияларын қосалқы есепке алу;
3) банктің тарату комиссиясының банктік шоттарына қызмет көрсету;
4) Ұлттық Банктің ОА-да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда маңызды бизнес-процестердің, кіші процестердің үздіксіздігін қамтамасыз ету;
5) нақты және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
6) әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету.
Басқарма бастығы - Жайырбеков Аскар Жайырбекович
Телефон: +7 (727) 278-81-08
e-mail: Askar.Z@nationalbank.kz
Мекен-жайы: A05BOY8, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67
Зерттеулер және талдама орталығы
Департаменттің негізгі міндеттері:
1) монетарлық экономика және макроэкономикалық саясат, қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын реттеу саласында талдамалық және зерттеу жұмыстарын жүргізу;
2) монетарлық экономика және макроэкономикалық саясат, қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын реттеу саласындағы талдамалық, зерттеу және әдіснамалық жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз ету;
3) Ұлттық Банкте жүргізілетін зерттеулерді дәріптеу, оның ішінде Ұлттық Банктің «Қазақстан Ұлттық Банкінің экономикалық шолу» басылымын қалыптастыру және жариялауға дайындау.
Департамент директоры – Агамбаева Саида Батырхановна
Телефон: +7 (727) 2788-051
e-mail: Agambayeva.S@nationalbank.kz
Мекен-жайы: A05BOY8, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67
Қаржылық мониторинг және валюталық бақылау департаменті
Департаменттің негізгі міндеттері:
- Ұлттық Банктің валюталық бақылау саласындағы саясатын қалыптастыруға және жүргізуге қатысу;
- валюталық бақылау, қаржы мониторингі, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;
- Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы саласындағы бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, оның ішінде экспорттық-импорттық валюталық бақылауды және капиталды шығаруға қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға қатысу;
- қаржы мониторингі типологияларын талдауға және жүйелеуге қатысу.
Департамент директоры – Шенол Сауле Зиндаевна
Телефон: +7 (727) 2 788 005
e-mail: Saule.Shenol2@nationalbank.kz
Мекен-жайы: А05ВOY8, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67