1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банктің орталық аппаратында (филиалында)
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау мен қарау
және Ұлттық Банктің (филиалдың) басшылығына қабылдауға
жазылу тәртібі

Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері Ұлттық Банкке пошта арқылы жіберіледі, сондай-ақ өтініш берушілердің жеке беруі немесе курьермен жеткізуі мүмкін. Сонымен қоса, өтініштерді https://eotinish.kz өтініш беру платформасы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ жанындағы «Нәтиже» орталықтары арқылы жіберуге болады.  

Өтініштерді өтініш берушілер жеке берген немесе қолма-қол жеткізілген жағдайда өтініштер Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты мекенжайы бойынша орналасқан Ұлттық Банк ғимаратының хат-хабарын қабылдауға арналған почта жәшігіне салынады не оларды уәкілетті бөлімшенің қызметкері өтініш берушіге немесе қолма-қол әкелушіге талон бере отырып қабылдайды, байланыс телефоны: 8 (7172) 775118 (ішкі 1632).

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін ұйымдастыру жұмысы және бақылау бөлімшесі Ұлттық Банктің орталық аппаратына (филиалына) келіп түскен күні тіркейді.

Тіркелген өтініштер Ұлттық Банктің (филиалдың) басшылығына қарауға жіберіледі, содан кейін өтініштер жауапты бөлімшелерге қарау үшін жіберіледі.

Өтініштерді ұйымдастыру жұмысы және бақылау бөлімшесі бақылауға алады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері Ұлттық Банкте қарастырылады және олар бойынша шешімдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қабылданады.

Ұлттық Банктің орталық аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы туралы қосымша ақпаратты ұйымдастыру жұмысы және бақылау бөлімшесінің 8 (7172) 775114 (ішкі 1632) байланыс телефоны бойынша алуға болады.

Ұлттық Банктің (филиалдың) басшылығы жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін Ұлттық Банк басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестелеріне сәйкес айына бір рет жеке қабылдау жүргізеді.

Егер жеке қабылдау кезінде лауазымды тұлға өтініш бойынша шешім қабылдай алмаса, өтініштің мәнін өтініш беруші жазбаша нысанда баяндайды, содан кейін өтінішпен жоғарыда жазылған тәртіпен жазбаша өтінішпен сияқты жұмыс жүргізіледі.

Ұлттық Банктің (филиалдың) басшылығына қабылдауға алдын ала жазылу Ұлттық Банктің орталық аппаратында Ұлттық Банктің (филиалдың) басшылығы қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері Ұлттық Банк басшылығының, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестелеріне сәйкес онда көрсетілген телефон нөмірлері бойынша жүргізеді.

Уәкілетті бөлімшенің басшысы: Әбілқасымов Алмаз Ерасылұлы

Телефоны: 8 (7172) 775110 

Ұлттық Банк филиалдарының мекенжайлары мен байланыс телефондары төменде көрсетілген.

Ұлттық Банк филиалдарының 
мекенжайлары мен байланыс телефондары

р/с№

Филиалдың аты

Мекенжайы

Телефон

1.

Орталық филиал (Астана)

010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй

8 (717) 270-33-13

2.

Ақмола филиалы 

020000, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214 

8 (7162) 55-18-00

3.

Ақтөбе филиалы 

030000, Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесі, 45 

8 (7132) 70-39-10

4.

Алматы қалалық филиалы 

050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 98

8 (727) 244-36-20

5.

ҚРҰБ Жетісу облысындағы филиалы (Талдықорған қ.)

040008, Талдықорған қаласы,

М. Төлебаев көшесі, 58/64

8 (7282) 55-95-01

6.

ҚРҰБ Алматы облысындағы филиалы

(Қонаев қ.)  

040803, Қонаев қаласы,

Достық көшесі, 1 
8 (705) 221-39-84

7.

 

ҚРҰБ Абай облысындағы филиалы

(Семей қ.)
071400-071417, Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 20Б  8 (722) 260-08-88 

8.

 

ҚРҰБ Ұлытау облысындағы филиалы

(Жезқазған қ.)

100600, Жезқазған қаласы, Бейбітшілік, 10/3  8 (710) 299-99-11

9.

Атырау филиалы

060002, Атырау қаласы,  Уәлиханов көшесі, 2а

8 (7122) 55-65-02 

10.

Шығыс Қазақстан филиалы 

070004, Өскемен қаласы,  Қазақстан көшесі, 3

8 (7232) 56-06-70

11.

Жамбыл филиалы 

080000, Тараз қаласы,  Қазыбек-би көшесі, 137 

8 (7262) 99-93-41

12.

Батыс Қазақстан филиалы 

090000, Орал қаласы,  Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1

8 (7112) 55-45-35

13.

Қарағанды филиалы 

100000, Қарағанды қаласы,  Бұхар жырау көшесі, 19 

8 (721) 255-93-37

14.

Қостанай филиалы

110000, Қостанай қаласы. Баймағамбетов, көшесі, 195

8 (7142) 99-09-10

15.

Қызылорда филиалы 

120015, Қызылорда қаласы, Б. Асқар көшесі, 30

8 (7242) 55-15-25 

16.

Маңғыстау филиалы 

130000, Ақтау қаласы, 23-шағын аудан

8 (7292) 70-15-00

17.

Павлодар филиалы

140000, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 44 үй 

8 (7182) 70-44-15

18.

Солтүстік Қазақстан филиалы 

150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 6

8 (7152) 55-15-27

19.

Шымкент филиалы

160012, Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі, 2

8 (7252) 99-79-04

20. Түркістан филиалы 161200, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, 371

8 (7253) 35-99-69

21.

Кассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал)

050031, Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 511

8 (727) 258-87-16

Жоғарыға