1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні ол мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес келген кезде көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызады:

1) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының резиденттері операторлары болып табылатын жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде осы төлем жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы жүзеге асыруды қамтамасыз еткен кезде;

2) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының банктері және «Қазпочта» акционерлік қоғамы шығарған төлем карточкаларының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде төлем карточкаларын шығару бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде жыл бойы төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының (операцияларының) жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде жыл бойы төлем карточкаларын пайдалана отырып операцияларды өңдеу бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз еткен кезде;

3) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші электрондық ақша эмитенттері жүзеге асыратын осы операциялардың жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде электрондық ақшаны шығару, өтеу бойынша және электрондық ақшаны пайдалана отырып жыл бойы жасалған операциялардың жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы электрондық ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырылған операцияларды өңдеу бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз еткен кезде;

4) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші төлем карточкаларын пайдаланбай электрондық терминалдар және қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы жүзеге асырылған төлемдердің жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы төлем карточкаларын пайдаланбай электрондық терминалдар және қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы төлемдерді жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз еткен кезде;

5) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші ақша аударымдары жүйелері арқылы төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде ақша аударымдары жүйесі арқылы ақша аудару бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз еткен кезде;

6) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуді аталған корреспонденттік шоттар арқылы жасалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы қамтамасыз еткен кезде.

 7) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші мемлекеттік бюджеттен немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы төлемдерін, әлеуметтік және өзге де төлемдерді ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

8) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының көрсетілетін төлем қызметтері нарығында көрсетілетін төлем қызметтерін өзге де берушілер ұсынбайтын көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді.

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерді көрсетілетін төлем қызметтері нарығына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге өзі дербес жатқызады.

Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші маңыздылар қатарына жатқызылған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізіліміне енгізеді, көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні бес жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабардар етеді және көрсетілген мәліметтерді өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

 Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өзі ұсынған көрсетілетін төлем қызметтері бойынша мәліметтерді ұсынады;

2) көрсетілетін қызметтер сапасына бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді және жүргізілген бағалау нәтижелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.

 

Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімі

2023 жылдың талдау нәтижелері бойынша

№ п/п

Күні

Заңды тұлғаның атауы, дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)

Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушінің  заңды және нақты мекенжайы,  факсы, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы, интернет-ресурсы (бар болса), бірінші басшысының деректері (заңды тұлғалар үшін)

Көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілеріне жатқызу

1.

11.03.2024г.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ

БСН 941240001151

Z05T8F6,  Қазақстан Республикасы,  Астана қ.,Мәңгілік Ел даңғылы, 57«А»;
тел.: 8 (7172) 77–51–14;
8 (7172) 77–51–17;
8 (7172) 77–51–12;
электрондық поштасы: hq@nationalbank.kz ;
интернет-ресурсы: www.nationalbank.kz; 
Төраға - Сулейменов Т.М.

Төлем қызметтерін  беруші Қазақстан Республикасының резиденттері операторлары болып табылатын жүйелік маңызы бар төлем жүйесінде (Банкаралық ақша аудару жүйесінде) төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде  осы төлем жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемінің  жиырма бес пайызынан кем емескөлемде жыл бойы қамтамасыз етеді («Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген өлшемшарттарға және «Көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 223 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген көрсеткіштерге сәйкес).

2.

11.03.2024г.

«Kaspi Bank» АҚ

БСН 971240001315

050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154-үй;
факс: +7 (727) 250-95-96;
тел.: +7 (727) 258-59-55;
электрондық пошта: office@kaspibank.kz;
интернет-ресурс: www.kaspibank.kz;
Басқарма Төрағасы - Миронов П.В.

Төлем қызметтерін беруші:
- Қазақстан Республикасының банктері және «Қазпочта» акционерлік қоғамы шығарған төлем карточкаларының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде төлем карточкаларын шығару бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде жыл бойы төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының (операцияларының) жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде жыл бойы төлем карточкаларын пайдалана отырып операцияларды өңдеу бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;

- төлем карточкаларын пайдаланбай электрондық терминалдар және қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы жүзеге асырылған төлемдердің жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы төлем карточкаларын пайдаланбай электрондық терминалдар және қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы төлемдерді жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.
(«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында белгіленген өлшемшарттарға және "Көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 223 қаулысы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында белгіленген көрсеткіштерге сәйкес).

3.

11.03.2024г.

"Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ

БСН 940140000385

050059, Қазақстан Республикасы,  Алматы қ.,  Аль-Фараби даңғылы, 40-үй;
факс:+7 (727) 2590-271;
тел:+7 (727) 2590-777;
электрондық поштасы: halykbank@halykbank.kz;
интернет-ресурсы:www.halykbank.kz;
Басқарма Төрағасы -  Шаяхметова У.Б.
     

Төлем қызметтерін беруші:

-ақша аударымдары жүйелері арқылы төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде ақша аударымдары жүйесі арқылы ақша аудару бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;

(«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 5) тармақшаларында белгіленген өлшемшарттарға және "Көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 223 қаулысы 1-тармағының 5) тармақшаларында белгіленген көрсеткіштерге сәйкес).

4.

11.03.2024г.

«Ситибанк Казахстан» АҚ

БСН 980540003232

А25Т0А1,  Қазақстан Республикасы,  Алматы қ.,  Зенкова к-сі,26/41 үй;
факс: (727) 298-03-99;
тел.: (727) 298-04-00;
электрондық поштасы: citibank.kazakhstan@citi.com;
интернет-ресурсы: www.citibank.com;
Басқарма Төрағасы - Жакаева С.М..

Төлем қызметтерін беруші банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуді аталған корреспонденттік шоттар арқылы жасалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы қамтамасыз еткен кезде. («Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында белгіленген өлшемшарттарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 223 қаулысының 1-тармағының 6) тармақшасында белгіленген көрсеткіштерге сәйкес).

 



Жоғарыға