1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Макропруденциалдық саясатты қалыптастыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі:

  • қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне мониторинг жүргізеді;
  • қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу тәртібін айқындайды және жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастырады;
  • өз бетінше немесе өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, олардың құзыреті шеңберінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі Кеңестің қарауына шығарады;
  • жүйелік қаржы дағдарысы туындаған немесе туындау қаупі төнген жағдайда өз бетінше немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп қаржы ұйымдарының банктік және басқа да операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге шектеулер енгізеді.

2024 жылғы тамызда "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  макропруденциялық саясаты туралы" құжат жарияланды. Онда Қазақстан Ұлттық Банкінің макропруденциялық саясатты қалыптастыруға, іске асыруға және коммуникациялауға қатысты көзқарасы мен тәсілдері баяндалған.

Жоғарыға