1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Нұсқа¹ 182 от 30/10/2026

2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 1,1 квдрлн теңге сомаға 82,7 млн транзакция жүргізілді. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 1,2%-ға (971,1 мың транзакцияға), төлемдер сомасы 4,6%-ға (52,6 трлн теңгеге) азайды.

 

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-қыркүйек

саны

көлемі

2025

83 642,5

1 150 881,4

2026

82 671,4

1 098 248,3

Өзгеріс, %-бен

-1,2%

-4,6%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында БААЖ арқылы барлығы 1,1 квдрлн теңге сомаға 26,7 млн транзакция жүзеге асырылды. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда төлемдер саны 1,8%-ға (467,9 мың транзакцияға) көбейді, төлемдер сомасы 4,6%-ға (52,9 трлн теңгеге) азайды.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 5,9 трлн теңге сомаға 145,8 мың транзакция жүргізілді, бұл 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда саны бойынша 1,2%-ға (1,8 мың транзакцияға) көп және сомасы бойынша 5,2%-ға (323,4 млрд теңгеге) аз.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-қыркүйек

саны

көлемі

2025

барлығы

26 220,1

1 140 477,7

орташа алғанда бір күнде

144,1

6 266,4

2026

барлығы

26 688,0

1 087 560,7

орташа алғанда бір күнде

145,8

5 943,0

Өзгеріс, %-бен

барлығы

1,8%

-4,6%

орташа алғанда бір күнде

1,2%

-5,2%

 

Банкаралық клиринг жүйесі

2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бөлшек төлемдер ағыны 10,7 трлн теңге сомаға 56,0 млн құжат болды. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 2,5%-ға (1,4 млн құжат) азайды, төлемдер сомасы 2,7%-ға (283,9 млрд теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 58,4 млрд теңге сомаға 305,9 мың транзакция жүргізілді, бұл 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 3,0%-ға (9,6 мың транзакцияға) аз және төлем сомасы бойынша – 2,2%-ға (1,2 млрд теңгеге) көп.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-қыркүйек

саны

көлемі

2025

барлығы

57 422,4

10 403,7

орташа алғанда бір күнде

315,5

57,2

2026

барлығы

55 983,5

10 687,6

орташа алғанда бір күнде

305,9

58,4

Өзгеріс, %-бен

барлығы

-2,5%

2,7%

орташа алғанда бір күнде

-3,0%

2,2%

 

Жоғарыға