1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Нұсқа ¹179 31/07/2026

2026 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 718,5 трлн теңге сомаға 54,0 млн транзакция жүргізілді. 2025 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 1,2%-ға (660,5 мың транзакцияға), төлемдер сомасы 3,7%-ға (27,5 трлн. теңгеге) азайды.

 

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-маусым

саны

көлемі

2025

54 611,8

745 980,8

2026

53 951,2

718 512,3

Өзгеріс, %-бен

-1,2%

-3,7%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2026 жылдың қаңтар-маусым айларында БААЖ арқылы барлығы 711,7 трлн теңге сомаға 17,2 млн транзакция жүзеге асырылды. 2025 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда төлемдер саны 0,6%-ға (108,5 мың транзакцияға) көбейді, төлемдер сомасы 3,7%-ға (27,3 трлн теңгеге) азайды.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында 6,0 трлн теңге сомаға 146,0 мың транзакция жүргізілді, бұл 2025 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда саны бойынша 0,6%-ға (0,9 мың транзакцияға) көп және сомасы бойынша 3,7%-ға (231,6 млрд. теңгеге) аз.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-маусым

саны

көлемі

2025

барлығы

17 125,1

739 074,3

орташа алғанда бір күнде

145,1

6 263,3

2026

барлығы

17 233,6

711 740,1

орташа алғанда бір күнде

146,0

6 031,7

Өзгеріс, %-бен

барлығы

0,6%

-3,7%

орташа алғанда бір күнде

0,6%

-3,7%

 

Банкаралық клиринг жүйесі

2026 жылдың қаңтар-маусым айларында бөлшек төлемдер ағыны 6,8 трлн теңге сомаға 36,7 млн құжат болды. 2025 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 2,1%-ға (769,0 мың құжат), төлемдер сомасы 1,9%-ға (134,3 млрд теңге) азайды.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында 57,4 млрд теңге сомаға 311,2 мың. транзакция жүргізілді, бұл 2025 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 2,1%-ға (6,5 мың транзакцияға) және төлем сомасы бойынша – 1,9%-ға (1,1 млрд теңгеге) аз.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-маусым

саны

көлемі

2025

барлығы

37 486,7

6 906,5

орташа алғанда бір күнде

317,7

58,5

2026

барлығы

36 717,7

6 772,2

орташа алғанда бір күнде

311,2

57,4

Өзгеріс, %-бен

барлығы

-2,1%

-1,9%

орташа алғанда бір күнде

-2,1%

-1,9%

 

Жоғарыға