Alatau City – қаржылық сауаттылық бойынша білім беруші тренажер-ойыны. Мұнда виртуал қаланың кварталдарына саяхат арқылы, қаржылық сауатқа негізделген тақырыптарды зерделейді. Қала 10 кварталға бөлінген, оның әрқайсысында 5 тапсырмадан бар.
1. Отбасы кварталы. Тақырыбы: Отбасы бюджеті.
Ойыншы жеке өзінің және отбасы бюджетін жоспарлауды, сондай-ақ табысын дұрыс бөлуді үйренеді.
2. Теңге үйі. Тақырыбы: Ақша түрлері.
Ойыншы ақшаның тарихымен танысады. Ол қолма-қол ақша, қолма-қол емес ақша және электрондық ақша формасының ерекшеліктерімен танысады.
3. Қаржы орталығы. Тақырыбы: Қаржы жүйесі.
Ойыншы мемлекеттік бюджеттің, салықтың және банктердің қалай өзара байланысты екенін және Ұлттық Банк рөлінің маңыздылығын біледі. Ол елдің қаржы жүйесі қалай жұмыс істейтінін түсінуге үйренеді.
4. Баға тұрақтылығы кешені. Тақырыбы: Инфляция.
Ойыншы бағаның неге өсіп бара жатқанын және инфляцияның ақша жинауға қалай әсер ететінін зерделейді.
5. Кредит нарығы. Тақырыбы: Кредит және бөліп төлеу.
Ойыншы кредиттің тиімді талаптарын ажыратып, пайыздар мен тәуекелдерді түсінуді үйренеді.
6. Зейнетақы қоры. Тақырыбы: Зейнетақымен қамсыздандыру.
Ойыншы зейнетақы жинақтары қалай қалыптасатынын және тұрақтылық үшін ұзақмерзімді жинақтардың неліктен маңызды екенін біледі.
7. Салық комитеті. Тақырыбы: Салық және декларация.
Ойыншы салық не үшін қажет екенін, олардың түрлерін және адал азамат болудың маңыздылығын түсінеді.
8. Инвестиция үйі. Тақырыбы: Инвестициялау негіздері.
Ойыншы ақша жинауды инвестициядан ажыратуды үйренеді және акциялар мен облигациялардың қалай жұмыс істейтінін біледі. «Инвестиция үйі» кварталы капиталды қалай көбейтуге болатынын білуге көмектеседі.
9. Бизнес-инкубатор. Тақырыбы: Стартап және кәсіпкерлік.
Өзіңізді кәсіпкер ретінде көріңіз. Ойыншы бизнес-жоспар жасауды және инвесторларды тартуды үйренеді.
10. Қаржылық қауіпсіздік орталығы. Тақырыбы: Кибералаяқтық және қаржылық қауіпсіздік.
Ойыншы қаржы тұзақтарын танып, өз ақшасы мен деректерін қорғауды және интернетті қолдануда абай болуды үйренеді.
