Қазақстан Ұлттық Банкі

Қаржылық тұрақтылығының индикаторлары

Корпоративтік сектордан және үй шаруашылығы секторынан қаржы секторы субъектілерінің және олардың контрагенттерінің ағымдағы қаржылық жай-күйі мен орнықтылығының көрсеткіштері.

Қаржылық тұрақтылық индикаторлары (ҚТИ) экономиканың басқа секторларымен өзара байланыста елдің қаржы жүйесінің тұрақтылық деңгейін бағалауға бағытталған көрсеткіштер жүйесін білдіреді. ҚТИ есептеу Халықаралық Валюта Қорының «Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері. Құрастырушы нұсқаулық» (ХВҚ, 2006) жариялауында келтірілген ұсыныстарға сәйкес келетін әдістеме бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Ұлттық Банкі тоқсан сайынғы негізде өзінің ресми сайтында және Халықаралық Валюта Қорының сайтында депозиттік мекемелер, сондай-ақ басқа да қаржы ұйымдары, корпоративтік сектор, үй шаруашылықтарының секторы және жылжымайтын мүлік нарығы бойынша базалық (12 көрсеткіш) және ұсынылатын (20 көрсеткіш) жинақты жариялайды. ҚТИ есепті көрсеткіштерінен басқа Қазақстан Ұлттық Банкі осы көрсеткіштердің бастапқы деректер қатарын және экономика секторларының біріктірілген қаржылық есептілігін жариялайды.

Жоғарыға