1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Халықаралық резервтер (резервтік активтер) – бұл елдің ақша-кредиттік реттеу органдарының (орталық банктің) бақылауындағы  және  төлем балансының дефицитін қаржыландыру және валюта бағамына әсер ету үшін валюта нарығында өктемдік жүргізу үшін кез келген сәтте пайдаланылуы мүмкін өтімділігі жоғары шетелдік (сыртқы) активтері. Халықаралық резервтер сондай-ақ ұлттық валютаға деген сенімді қолдау үшін және сырттан қарыз алу үшін негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін.   

Егер актив мынадай өлшемшарттарға сәйкес келсе ол резервтік болып саналады: активтің бейрезиденттерге қойылатын талаптар нысаны бар (құймадағы алтынды қоспағанда), актив еркін айырбасталатын шетел валютасына деноминирленген, актив нақты бар және ақша-кредиттік реттеу органдарының бақылауында, актив ең төменгі шығасылармен және ең қысқа мерзімде еркін айырбасталатын шетел валютасына айналдырылуы мүмкін.

Бұдан әрі
Жоғарыға