1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Бұл бөлім Қазақстанның банк секторы мен екінші деңгейдегі банктердің экономиканы кредиттеуі туралы ақпаратты қамтиды.

Экономикаға банк секторының кредиттері Екінші деңгейдегі банктер мен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ берген кредиттері бойынша нақты берешектің қалдықтары туралы деректерді көрсетеді. Деректер бизнеске кредиттер (заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге бизнес мақсаттарына кредиттер) және халыққа берілетін кредиттер (жеке тұлғаларға бизнеспен байланысты емес мақсаттарға кредиттер) санаттарын бөле отырып ұсынылған. Бұл ретте бизнеске кредиттер кәсіпкерлік субъектілері (ірі, орта және шағын) бойынша бөліністе, ал халыққа берілетін кредиттер – мақсаттар бойынша бөліністе – ипотекалық қарыздар, тұтынушылық қарыздар және өзге де мақсаттар бойынша беріледі. Деректер 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайынғы негізде қалыптастырылады.

ЕДБ-дан экономикаға берілетін кредиттер Екінші деңгейдегі банктер берген кредиттер бойынша нақты берешектің қалдықтары туралы деректерді негізгі санаттар бойынша бөле отырып – қарыз валютасы, мерзімдері, кредиттеу субъектілері (заңды және жеке тұлғалар, бизнеске кредиттер және халыққа берілетін кредиттер) білдіреді. Деректер 1996 жылдан бастап ай сайынғы негізде қалыптасады. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша деректерден бастап бизнеске кредиттер және халыққа берілетін кредиттер санаттарын бөлу ұсынылды.

Деректер көзі ҚР Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктерден және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-дан әкімшілік деректер нысандары бойынша алған есепті ақпарат болып табылады.

Жоғарыға