1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Лицензия алу үшін қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер айырбастау операторының қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген өтініш беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келесі құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:

1) атқарушы орган басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді қоса алғанда (дипломның (дипломдардың) көшірмелерін және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатты қоса бере отырып), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нысан бойынша өтініш;

2) ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен белгіленген жарналық капиталдың төленгенін растайтын құжаттар;

3) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер айырбастау операторы өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жарғы;

4) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер айырбастау операторының банкпен немесе Ұлттық пошта операторымен, цифрлық активтер биржасымен немесе қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге қолжетімділікті ұсынатын өзге де тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын құжат;

5) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер айырбастау операторының басқару органы бекіткен қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер айырбастау операторы қызметін жүзеге асыру қағидалары;

6) тұлғаның өтінішті және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтерді беруге өкілеттіктерін растайтын құжат.

Талаптар:

1. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер айырбастау операторы акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.

2. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер айырбастау операторы жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 50 (елу) миллион теңгені құрайды.

3. Мыналарды:

1) мінсіз іскерлік беделі жоқ тұлғаларды;

2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес терроризмді, экстремизмді қаржыландырумен және (немесе) бұқаралық қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде тұрған тұлғаларды;

3) Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын немесе жеткілікті деңгейде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер айырбастау операторының құрылтайшылары (қатысушылары) (құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің бірі), бенефициарлық меншіктенушілері болады.

4. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер айырбастау операторының басқару органы бекіткен қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер айырбастау операторы қызметін жүзеге асыру қағидаларында мынадай мәліметтер болады:

1) клиенттерге көрсетілетін қызметтердің тізбесі, сипаттамасы және оларды көрсету тәртібі;

2) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер айырбастау операторының және клиенттердің құқықтары мен міндеттері;

3) клиентті сәйкестендіру және верификациялау процедуралары;

4) осындай қызметті көрсету кезіндегі физикалық бөлімшелер мен өзіне-өзі қызмет көрсету пункттері жұмысының тәртібі мен шарттары;

5) цифрлық активтермен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды аяқтау тәртібі мен мерзімдері;

6) цифрлық активтердегі өтімділікті толықтыру және артық өтімділікті өткізу көздері туралы ақпарат;

7) операцияларды талдау және бақылау жүйесінің жұмыс істеу тәртібі мен тетіктерін сипаттау;

8) цифрлық активтер әмияндарын ашу және жүргізу тәртібі мен шарттары;

9) клиенттің біліктілігін анықтауға арналған сұрақтардың тізбесі мен тәртібі;

10) цифрлық активтер әмияндары ашылған блокчейн желісінің атауы көрсетілген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер айырбастау операторының цифрлық активтер әмияндарының мекенжайлары;

11) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету процедуралары;

12) келтірілген нұқсанның өтемақысын есептеу тәртібін және ақша мен цифрлық активтерді қайтару тетігін қоса алғанда, дауларды шешу және клиенттердің шағымдарын қарау тәртібі. Өтемақы мөлшері қызмет көрсету кезінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер айырбастау операторының кінәсінен туындаған, клиентке іс жүзінде келтірілген нұқсан негізінде айқындалады.

Жоғарыға