Қазақстан Ұлттық Банкі

Ұлттық валюта

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге 1993 жылғы 15 қарашада енгізілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз эмитенті болып табылады.

Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгілері банкноттардан және монеталардан тұрады. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталары ұлттық валюта – Қазақстан теңгесінің банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді. Банкноттар  мен монеталардың бейнесі мен сипаттамалары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары олардың белгiленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төлемдердiң барлық түрлерi бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгізу және ақша аудару үшiн қабылдауға мiндеттi, оларды барлық банктер және Ұлттық пошта операторы шектеусiз ұсатады және айырбастайды.

Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатуы, сатып алуы олардың белгіленген құны бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық Банкінің инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуы және сатып алуы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Банкноттар

Банкноттар

Теңгенің банкноттары әлем валюталарының ішіндегі қолдан жасаудан жақсы қорғалған валюталардың бірі болып табылады.

Бұдан әрі

Инвестиялық

Инвестиялық

Инвестициялық монеталар – бұл 999,9 жоғары алтын және күміс монеталар. Олардың негізгі мақсаты – инвестициялау және қаражат жинақтау.

Бұдан әрі

Коллекциялық

Коллекциялық

Коллекциялық монеталар – бұл арнайы соғылған, бағалы және сол сияқты бағалы емес металдардан шектеулі таралыммен жасалған монеталар, коллекциялау және жинақтау объектісі болып табылады.

Бұдан әрі

Монеталарды онлайн сатып алу

Монеталарды онлайн сатып алу

Коллекциялық және инвестициялық монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалынан, сондай-ақ «Монеталардың интернет-дүкені» арқылы сатып алуға болады.

Бұдан әрі
Жоғарыға