1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының қызметін жүзеге асыруға ниетті өтініш беруші есептік тіркеуден өту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Ұлттық Банктің кеңсесі арқылы келесі құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нысан бойынша, оның ішінде атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді қамтитын өтініш (дипломның (дипломдардың) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері қоса беріледі);

2) ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжат;

3) өтініш беруші қызметін үлгілік жарғы бойынша жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жарғы;

4) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық активтер сауда платформасының операторымен, банкпен және (немесе) Ұлттық пошта операторымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын құжат;

5) өтініш берушінің басқару органы бекіткен цифрлық қаржы активтері платформасы операторының қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары;

6) тұлғаның өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды және мәліметтерді беруге өкілеттігін растайтын құжат.

Ұлттық Банк цифрлық қаржы активтері платформасы операторын есептік тіркеу туралы шешімді құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Талаптар:

1. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.

2. Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері кемінде 100 000 000 (жүз миллион) теңгені құрайды.

3. Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының басқарушы қызметкеріне, құрылтайшыларына және қатысушыларына (акционерлеріне) қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11, 12 және 13-тармақтарында белгіленген.

4. Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының ішкі қағидалары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

1) клиенттерге көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы;

2) цифрлық қаржы активтерін эмиссиялау тәртібі мен рәсімдерінің сипаттамасы, соның ішінде цифрлық қаржы активтерінің эмитентіне қойылатын талаптар және цифрлық қаржы активінің базалық қамтамасыз етілуінің (бар болса) оны эмиссиялау шарттарына сәйкестігін тексеру тәртібі;

3) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында цифрлық қаржы активтерін сатып алу және сату тәртібі, сондай-ақ цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелер бойынша есеп айырысуларды аяқтау тәртібі мен мерзімдері;

4) цифрлық қаржы активін өтеуге қойылатын талаптар мен шарттар, цифрлық қаржы активі эмитентінің оны иеленушілер алдындағы міндеттемелерін орындауын тексеру тәртібі;

5) цифрлық активтер сауда платформасының операторымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі, соның ішінде цифрлық қаржы активтері эмитентінің цифрлық активтер сауда платформасы операторының цифрлық платформасында цифрлық қаржы активтерін орналастыру шарттары;

6) киберқауіпсіздік шараларын сақтау тәртібі;

7) дауларды шешу және клиенттердің шағымдарын қарау тәртібі;

8) цифрлық қаржы активтері әмияндарын ашу және жүргізу тәртібі мен шарттары;

9) қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын цифрлық активтер әмияндарының мекенжайлары;

10) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының алғашқы 3 (үш) қаржылық (операциялық) жылға арналған бизнес-жоспары.

5. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы цифрлық платформада цифрлық қаржы активін шығару басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын Ұлттық Банкке цифрлық объектінің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау хаттамасын (нәтижелерін) ұсынады.

Жоғарыға