1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы) (бұдан әрі – Орталық) Ұлттық Банктің Директорлар Кеңесінің 1999 жылғы 20 тамыздағы Қаулысының шешімімен құрылды. Оған бұрынғы Мемлекеттік қазына қоймасы мен Ұлттық Банктің Бас Алматы филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізетін бірқатар бөлімшелері  кіргізілді.

Орталық мынадай негізгі қызметтерді көрсетеді:

1) ұлттық және шетел валютасындағы қолма-қол ақша мен басқа құндылықтарды қабылдау, есепке алу, қайта санау, сараптау, сұрыптау, буып-түю, сақтау және беру;

2) аффинаждалған алтын мен бағалы металдарды қабылдау, есепке алу, сақтау және беру;

3) аффинаждалған алтынға, бағалы металдарға, қорытпаларға және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына сынақ жүргізу.

Орталықтың (филиал) директоры: Дина Төлеубекқызы Ғалиева

Біздің деректемелеріміз:  A01T7M2 Алматы қаласы Райымбек даңғылы, 511 үй;

Тел.: + 7 (727) – 2588-716 (қабылдау бөлмесі);

Факс: + 7 (727) – 2588-751, + 7 (727) –2588-771;

E-mail: gohr_80@nationalbank.kz

Жоғарыға