Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 29 ақпан күні сағат 20:00-ден 01 наурыз 2:00-ге дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) зерттеулері – шешім қабылдауда қолданылатын негізгі аналитикалық құрал. Ол Қазақстан мен әлем экономикасындағы өзекті мәселелерді тереңірек тануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ҚРҰБ беделін нығайтады және стратегиялық мақсаттарға жетуге ықпал етіп, бірігіп жұмыс істеуге мүдделі тараптармен тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

ҚРҰБ зерттеу жұмысының негізгі бағыттары ақша-кредит саясатын, макропруденциалды саясат пен қаржы тұрақтылығы саласындағы стратегиялық міндеттерді, сондай-ақ жаңа технологияның, климаттың өзгеруіне, басқа да бүгінгі сын-тегеуріндерге байланысты міндеттерді қамтиды.

ҚРҰБ зерттеу қызметі мен зерттеу күн тәртібі тек бұл бағыттармен шектелмейді. Бүгінгі заманауи әдістемелерді қолдануға, жаңа аналитикалық және эконометрикалық құралдарды әзірлеуге ерекше мән беріледі.

ҚРҰБ қызметкерлері мен басқа да тәуелсіз зерттеушілер жүргізген зерттеу нәтижелері ішкі талқылауларда қолданылады және Ұлттық Банктің интернет-ресурсында, «ҚҰБ экономикалық шолуы» арнайы басылымында және басқа да ғылыми, аналитикалық басылымдарда жарияланып тұрады.

ҚРҰБ зерттеулерінің негізгі бағыты

  • Макроэкономикалық саясат.
  • Әлем экономикасы, аймақтық және жаһандық трендтер.
  • Қаржы нарығы, қаржы тұрақтылығы және макропруденциалдық реттеу.
  • Жаңа технологиялар мен қаржы болашағы.
  • Статистика және жаңа дереккөз мәселелері.

ҚРҰБ тәуелсіз зерттеушілермен де ынтымақтастық орнатуға және ҚРҰБ үшін маңызды тақырыптар мен мәселелер туралы сарапшылар қоғамдастығын хабардар етуге мүдделі. 2021 жылдан бері ҚРҰБ-тың ғылыми гранттар бағдарламасы бар. Ол бағдарламаның мақсаты – академиялық қоғамдастықтың ғылыми әлеуетін жұмылдыру және ақша-кредит саясаты мен қаржы тұрақтылығы саласына қатысты қоғамның білім деңгейін көтеру. ҚРҰБ зерттеу гранттарын үлестірудегі өз тәжірибесін жалғастыруға ниетті. Өйткені бұл – Қазақстандағы ғылыми қоғамдастықпен, шетелдің зерттеу институттарымен, орталық банктермен және халықаралық ұйымдармен арадағы ынтымақтастықтың ажырамас бөлігі.

Жоғарыға