1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҰТК»  АҚ) 2023 жылғы 27 шілдеде әділет органдарында тіркелді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2023 жылғы
3 наурыздағы № 17 қаулысына және жалғыз құрылтайшының 2023 жылғы 19 шілдедегі №1 шешіміне сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын (бұдан әрі – «ҚБЕО» РМК)  «ҰТК» АҚ-ға қайта құру жолымен оны қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылды.

Өз кезегінде, «ҚБЕО» РМК Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы
15 ақпандағы № 2044 қаулысымен бекітілген 1995 жылға арналған Қазақстандағы банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес Ұлттық Банк Басқармасының 30.12.95 ж. №252 шешімі негізінде құрылған болатын.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «ҰТК» АҚ-ның жалғыз құрылтайшысы және акционері болып табылады.

«ҰТК» АҚ қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын және банкаралық клирингті жүргізу, ұлттық төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-зерттеу сараптамасын жасау және дамыту, Ұлттық Банк пен оның еншілес ұйымдары үшін, оның ішінде жетекші халықаралық зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықта қаржы және төлем технологиялары саласындағы пилоттық жобаларды прототиптеу және іске асыру болып табылады.

«ҰТК» АҚ қызметінің түрлері:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын және банкаралық клирингті жүргізу;
  • ұлттық төлем жүйесін орналастыру үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
  • төлем жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу;
  • деректерді берудің ақпараттық-телекоммуникациялық арналары бойынша қорғалған ақпарат алмасу, хабарларды кепілді жеткізу және өңдеу қызметтерін ұсыну;
  • электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау бойынша сәйкестігін куәландыру;
  • «ҰТК» АҚ пайдаланушыларына ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын сату, оларды пайдалану және сақтау;
  • криптографиялық кілттерді пайдалануға, таратуға және түпнұсқалығын куәландыруға байланысты қызметті жүзеге асыру;
  • жеке төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  • Ұлттық Банк, оның еншілес ұйымдары мен өзге де ұйымдар үшін қаржы және төлем технологиялары саласында ғылыми-зерттеу және консультациялық қызмет көрсету;
  • «ҰТК» АҚ қызметінің мәні шеңберінде орта мерзімді және қысқа мерзімді оқыту бағдарламаларын, семинарларды, конференцияларды, көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;
  • Ұлттық Банк, оның еншілес ұйымдары мен өзге де ұйымдар үшін қаржы және төлем технологиялары саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға ілеспе қызмет көрсете отырып, ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету;
  • «ҰТК» АҚ қызметінің мәні шеңберінде оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді, газеттерді, журналдарды, мерзімді басылымдарды басып шығару және тарату;
  • деректерді талдау және өңдеу;
  • биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, клиенттерді сәйкестендіру кезінде сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының қызметтері болып табылады.

 

«ҰТК» АҚ Басқарма Төрағасы – Жәленов Бинұр Мұратұлы

Мекен-жайы: A15C9T5, Қазақстан Республикасы,  Алматы қ., Көктем-3 ы/а,  21-үй

тел.: + 7 (727) 250-67-22

факс: +7 (727) 250-66-11 

e-mail: info@npck.kz

Интернет ресурс:  https://www.npck.kz

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы" АҚ

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚҚО/ Қоғам) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 2 қаулысымен  құрылған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қоғам құрылтайшысы болып табылады.

ҚҚО мемлекеттік тіркелуін Алматы қаласының Әділет департаменті жүргізді. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2011 жылғы 04 наурыздағы № 108640-1910-АК куәлік.

Өндірістік орта мен инфрақұрылымға қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету ҚҚО-ның негізгі міндеті болып табылады.

ҚҚО бұл мақсатты іске асыру үшін келесі қызметтерді ұсынады: 

  • инженерлік және коммуникациялық жүйелерге қызмет көрсету бойынша қызметтер;
  • автокөлік қызметтері;
  • автокөлік паркіне техникалық қызмет көрсету;
  • электр жабдықтау, жылумен, сумен жабдықтауды ұйымдастыру бойынша
  • Ұлттық Банк үйлеріне іргелес аумақтарды тиісті жағдайда ұстау қызметтері;
  • Ұлттық Банк үшін сатып алуды өткізу.

Басқарма Төрағасы – Бекешев Бауыржан Бейсенбайұлы
Мекенжайы: Z05T8F6, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57 «А»
Телефон: +7(7172) 982 878
Факс: +7(7172) 982 878
E-mail: info@codnb.kz

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" РМК

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

«Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1992 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Президенті Әкімшілігінің тәуелсіз Қазақстанның ұлттық валютасының монеталарын және мемлекеттік наградаларын жасау бойынша мемлекеттік тапсырыстарын орындау үшін құрылды.

Өзінің ұйымдастырушылық дамуында кәсіпорын бірнеше кезеңдерден өтті.

1994 жылы Теңге сарайы (ол кезде әлі түсті металдардан бұйымдар зауыты) Үлбі металлургиялық зауыты құрамынан шығарылып, дербес заңды тұлға болып қайта құрылды. 1998 жылдың қараша айында Қазақстан теңге сарайы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрамына енді.

Қызметінің қысқа ғана мерзімінде кәсіпорын үлкен өмір жолын кешіп, қазіргі таңда Теңге сарайының өнімі Республика ішінде кеңінен танымал, сондай-ақ шетелде де жоғары бағалануда. Кәсіпорынға Ұлттық Банк, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және әртүрлі мемлекеттік құрылымдар жүктейтін міндеттерді жоғары тиімділікпен орындауға мүмкіндік беретін жүйе тығыз мерзімде құрылып, іске қосылды.

Теңге сарайында олардың ішіне даярлау, құрал-сайман, гальваникалық, термикалық учаскелер, қалыптау және қысыммен өңдеу учаскесі сияқты әртүрлі технологиялық учаскелер, сондай-ақ қосалқы өндіріс және қоймалар бар. Кәсіпорын Германия және Швейцарияның жетекші фирмалары өнідірісінің жоғары өндіруші жабдықтарымен жабдықталған.

Кәсіпорынның негізгі өнімі еңбектің мұқият ұйымдастырылуын және жұмыс атқарушылардың жоғары біліктілігін талап ететін бұйымдар шығару болып табылады, сондықтан да Теңге сарайы технологиялық тәртіптің жоғары дәрежесіне ие және мемлекеттік қабылдау жағдайында жоғары дәлдіктегі бұйымдар жасау бойынша дәстүрлерге бай кәсіпорын болып табылады.

Кәсіпорынның негізгі мақсаттары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің түсті металдардан, алтын мен күмістен ұлттық валюта монеталарын (айналымдағы, ескерткіш, коллекциялық) дайындау, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік наградалар дайындауға тапсырыстарын орындау.

Қазіргі таңда Теңге сарайы Қазақстанды өз сипаттамалары бойынша, мысалы, Еуропада немесе Америкада қолданылатын монеталардан кем келмейтін, ұсақ монеталармен толық қамтамасыз етуде.

Жетекші монета сарайларымен қатар, кәсіпорын алтын мен күмістен «proof» жоғары сапалы коллекциялық монеталар шығарады, сондай-ақ кәсіпорын диаметрі 100 мм және салмағы бір килограмды «proof» сапалы алтын және күміс монеталар сияқты бірегей бұйымдар шығаруды да игерген. Қазақстандық монеталардың әлемдік стандарттарға сәйкестігі Берлин қаласында (Германия) жыл сайын өткізілетін монета сарайларының ең беделді көрмесінде сарапшылардың растауына ие болды. 

Кәсіпорынның монеталар, монета дайындамаларын, ордендер мен марапаттау медальдарын, лауазымды тұлғалар мен ведомстволардың белгілерін, тексеру таңбаларын жобалауға және өндіруге істегі ISO 9001:2015 «TÜV Thüringen e.V.» (Германия) халықаралық органмен сертификатталған.

Қазақстан теңге сарайы шығаратын мемлекеттік ордендер мен медальдар зергерлік өнердің лайықты үлгілері болып табылады.

Отандық тауарлар нарығын жаңадан құрудың мемлекеттік бағдарламасына және импортты алмастыру саясатына сәйкес Теңге сарайында орнын басушы өндірістер де жоспарлы дамуда. Мысалы, ас үй күмісі, әскери фурнитура, төсбелгілер, күміс электр түйіспелері, өкілеттік кәдесыйлар, таңбалар мен мөрлер өндірісі.

Бас директор - Транов Александр Юрьевич
тел. +7 (7232) 75-33-50, 75-28-77
факс +7(7232) 75-15-80
Интернет-ресурс: http://www.kmd.kz
e-mail: admin@kmd.kz
Мекенжайы: 070005, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қ., Абай д-лы,  102/1

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" РМК

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Казақстан Банкнот фабрикасының тарихы 1992 жылғы 26 мамырдағы Президенттің “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспа фабрикасын құру туралы” Жарғысынан басталды. Фабрика мамандары өндіріс құрылысы мен ұйымдастыруын әртүрлі мемлекеттерде оқып үйренді.

1995 жылғы 18 мамырда  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы «Банкнот фабрикасы мен Бағалы қағаздар фабрикасын өндірістік кәсіпорындар дирекциясын қайта ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады.

1997 жылы “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасына цех мәртебесінде Бағалы қағаздар фабрикасы қосылады.

1998 жылғы 17 маусымда Банкнот фабрикасы өз мәртебесін өзгертті және  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы болып құрылды.

2004 жылғы 1 сәуірде Банкнот фабрикасы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта құрылды. 

Ақша белгілерін шығаратын кішігірім баспа фабрикасы ретінде бастаған Банкнот фабрикасы қысқа мерзімде банкнот және бағалы қағаздар шығаратын отандық беделді кәсіпорын ретінде қарқынды қанат жайды.

Қазіргі таңда Банкнот фабрикасы 3 негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Бірінші – банкнот өндірісі. Екінші – өзге қорғалған полиграфиялық өнім. Бұл электронды және машина оқитын паспорттар және 130 астам басқа полиграфиялық өнім атаулары. Үшінші – ID-карталар, оған қоса VISA компаниясының  халықаралық жүйесінің төлем карталары

Банкнот фабрикасы осы уақытқа дейін ұлттық валюта ТЕҢГЕ банкнотының үш сериясын, сондай-ақ әртүрлі ескерткіш оқиғалар құрметіне сегіз ескерткіш және мерейтойлық банкноттарды шығарды. Біздің көптеген жобалар халықаралық марапаттарға лайық деп танылды.

Бірегей жабдық, эксклюзивті шығын материалдары және біліктілігі жоғары қызметкерлерден басқа, сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету мақсатында, Банкнот фабрикасының басшылығы табысқа қол жеткізу құралы етіп сапаны басқару жүйесін таңдады. Мәселен, қазіргі уақытта Банкнот фабрикасында  ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 (ББЖ) халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапаны, экология және еңбекті қорғаудың біріктірілген басқарудың интерграцияланған жүйесі,  ISO/IEC 27001:2013 «Ақпараттық технологиялар халықаралық  стандарттарының талаптарымен сәйкес ақпараттық қауіпсіздік менеджмент жүйесі. Қорғау әдістері. Ақпаратты қорғау менеджменті жүйесі. Талаптар» (АҚМЖ) және қорғалған баспа процестерін басқару жүйесі» және  INTERGRAF (СУЗП) сертификациялық органының талаптары жұмыс істейді. Сондай-ақ, Банкнот фабрикасында СМЖ сәйкестігі  ҚР СТ ISО 9001-2016 сертификатымен расталған.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі міндетке негізделген цифрландыруға көшудің қарқынды үрдісі байқалады, бұл берілген бланкілердің түпнұсқалығын қамтамасыз етуге және олардың айналымын бақылауды жақсартуға мүмкіндік беретін сандық тасығыштарды (штрих-код, Data matrix, QR-код) қолдана отырып, түрлі есептілік бланкілерінің электрондық форматтарына көшуді көздейді.

Осылайша, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Банкнот фабрикасы Еуразиялық экономикалық одақ аумағында «Киім заттары, киімге керек-жарақтар және табиғи теріден жасалған өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау жөніндегі жобаны іске асыру бойынша қатысушы болып табылады.

Сондай-ақ, 2019 жылы Банкнот фабрикасы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп акцизделетін тауарларды бақылаудың ақпараттық жүйесін іске қосты.

Бас директор – Кажмуратов Жомарт Тулегенович
Қабылдау бөлмесі: +7 (727) 381-98-35
факс: +7 (727) 381-98-33
Клиенттермен жұмыс жүргізу бөлімі: +7 (727) 381-98-28, 352-72-12
Интернет-ресурс: www.bf.kz
email: mail@bf-rk.com
Біздің мекен-жайымыз: А10Х7В7, Алматы қаласы, Фуркат көшесі, 4
«ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» ШЖҚ-дағы РМК

"Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Ұлттық Банктің 100% еншілес ұйымы ретінде «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры» жабық акционерлік қоғамын құру» туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылғы 15 қарашадағы №393 қаулысымен құрылған.

Қордың миссиясы – қаржы жүйесінің тұрақтылығына қолдау көрсету және қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған жағдайда Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банк салымшыларының құқығы мен заңды мүддесін қорғау.

Негізгі қызметтері

Қор өзіне жүктелген негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

  • «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес кепiлдiк берiлген өтемдi төлейдi;
  • депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктердiң тiзiмiн жүргiзедi;
  • «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңның 16-бабында көзделген жағдай туындаған кезде банк активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде өткізу операциясына қатысады;
  • активтерді инвестициялайды;
  • арнайы резервті қалыптастырады;
  • Қордың басқарушы органы айқындаған тәртіппен агент-банктерге қойылатын талаптарды белгілейді;
  • Қордың басқарушы органы айқындаған тәртіппен кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін агент банктердің алдын ала тізбесін бекітеді;
  • қатысушы банктi консервациялау кезеңiнде тағайындалатын банкті басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiктiң құрамына қатысады;
  • қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргiзу лицензиясынан айыру кезеңiнде тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына қатысады;
  • төленген (төленетін) кепiлдiк берiлген өтем сомасы бойынша берешектi тарату комиссиясы Қор алдында толығымен өтегенге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясының құрамына қатысады;
  • төленген (төленетін) кепiлдiк берiлген өтем сомасы бойынша берешектi тарату комиссиясы Қор алдында толығымен өтегенге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының) кредиторлар комитетiнiң құрамына қатысады.

 

Депозиттерге міндетті кепілдік беру нысандары

Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған жағдайда оның жеке тұлғалардың банк шоттарында жатқан және банк шоттары және(немесе) банк салымы шартымен куәландырылған, теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттерін және қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру күніне қарай осындай депозиттер бойынша есептелген сыйақыларды қайтару жөніндегі міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің нысандары болып табылады. 

Бір салымшының әрбір банктегі барлық депозиті бойынша мемлекеттік кепілдік:

  • ұлттық валютадағы жинақ депозиттер бойыша – жиырма миллион теңгеден аспайтын;
  • ұлттық валютадағы басқа депозиттер бойынша – он миллион теңгеден аспайтын;
  • шетел валютасындағы депозиттер бойынша – бес миллион теңгеден аспайтын көлемде белгіленген.

 

Салымшының (депозитордың) қатысушы банкте түрі мен валютасына қарай бірнеше кепілдендірілген әртүрлі депозиттері болған жағдайда Қор олар бойынша әрбір депозиттің түріне қарай бекітілген максималды өтем сомасы шегінде, алайда жиырма миллион теңгеден асырылмайтын көлемде жиынтық кепілдік берілген өтемді төлейді.

Төраға – Әділ Нұрланұлы Өтембаев

Байланыс
Телефон: +7 (727) 312-24-49
e-mail: info@kdif.kz 

Ресми сайты: www.kdif.kz
A25D6H8, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

 

Салымшылар 1460 телефон нөмірі (Қазақстан бойынша стационарлық және ұялы телефондар арқылы қоңырау шалу тегін), Қордың www.kdif.kz сайтындағы чат, @kdif_ask Телеграм-чаты, Facebook және Instagram желілеріндегі deposit.kz ресми парақшасы арқылы хабарласу, сондай-ақ info@kdif.kz электрондық поштасына хат жазу арқылы ақыл-кеңес алуға болады.

"Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы" АҚ

«Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» Акционерлік қоғамы

«Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамы (әрі қарай – «ҚҰБ ҰИК» АҚ) әділет органдарында 2012 жылы 25 маусымда тіркелді. «ҚҰБ ҰИК» АҚ жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.

 «ҚҰБ ҰИК»АҚ қызметінің негізгі мақсаты болып табылады:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының алтынвалюталық активтерін және басқа да активтерін Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте сенімді басқаруды жүзеге асыру;
  • сенімді басқаруға берілген активтерді басқару тиімділігін арттыру және әртараптандыру;
  • баламалы инвестиция саласында үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу.

«ҚҰБ ҰИК»АҚ қызметінің негізгі түрлері болып табылады:

  • халықаралық қаржы нарығында инвестицияны жүзеге асыру:
  • инвестицияны бағалы қағаздарға, қаржылық құралдарға және инвестициялық қорларға жүзеге асыру;
  • инвестицияны баламалы қаржы активтеріне жүзеге асыру;
  • инвестицияны өндірілетін туынды қаржы құралдарына жүзеге асыру және онымен операция жасау;
  • инвестицияны инфрақұрылымдық қорларға/жобаларға жүзеге асыру;
  • тікелей және стратегиялық инвестицияларды жүзеге асыру.
  • брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру;
  • шетелдік институционалдық және қазақстандық инвесторлардың қатысуымен бірлесіп құрылған компаниялардың құрылымына қатысу және әріптес болу;
  • қоғамның басқаруындағы активтердің бір бөлігіне сыртқы сенімді басқаруды ұйымдастыру және беру;
  • активтерді сенімді басқаруға қатысты басқа қызмет түрлері.

Басқарма Төрағасы –
Байланыс:
Телефон: +7 (717) 255-71-00
e-mail: office@nicnbk.kz
website: www.nicnbk.kz
Z05T8F6, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А

"Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ

«Мемлекеттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамы

«Акционерлік коғам «Мемлекеттік кредиттік бюро» (бұдан әрі – МКБ) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Мемлекеттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамын құруды мақұлдау туралы» 2012 жылғы 04 шілдедегі № 213 қаулысының негізінде қабылданған 2012 жылы 07 тамызда жалғыз құрылтайшының №1 шешімімен құрылды. МКБ дауыс беруші акцияларының 100% Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне тиесілі мамандандырылған  коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» заңға сәйкес, МКБ негізгі қызмет түрі кредиттік есептерді қалыптастыру мен кредиттік есептерді беру, кредиттік скорингті есептеу бойынша қызметтерді ұсыну болып табылады.

Көрсетілген Заңның аясында МКБ қосымша қызмет түрлеріне мыналар жатады:

-кредиттік тарихты қалыптастыру және пайдалану жүйесіне қатысушылар қызметін автоматтандыру үшін мамандандырылған бағдарламалық қамсыздандыруды іске асыру және пайдалану;

- кредиттік бюроның қызметіне қатысты арнайы әдебиеттер мен басқа ақпараттық материалдарды іске асыру;

- кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз етумен байланысты консультациялық қызмет көрсету;  

- маркетингтік және статистикалық зерттеулер.

Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» заңына сай, МКБ осы Заңның және сақтандырудың міндетті түрлері бойынша Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінің негізінде көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша деректер қорын құру мен жүргізуді жүзеге асырады.

МКБ сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» заңының аясында МКБ негізгі функциясы болып мыналар табылады:

- әр жасалған сақтандыру шарты бойынша көзделген ақпаратты жинау, сақтандыру сыйлықақыларының көлемі туралы, сақтандыру жағдайлары туралы, сақтандыру агенттері туралы, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомасы туралы ақпаратты (мүлік пен денсаулық бойынша төлемдер тұрғысынан)  Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» заңында көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіпте, мерзімде және көлемде ұсыну;

- Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» заңында көзделген талаптарды ескере отырып, сақтандыру есептерін  қалыптастыру мен беру;

- сақтандыру статистикасын қалыптастыру, соның ішінде сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарлық зерттеулерді жүргізу үшін қажетті;

- сақтандыру нарығы бойынша деректерді статистикалық есептеу, талдау және қорытындылау үшін ақпараттық аналитикалық жүйені құру және жүргізу және оларды сұратулар бойынша өкілетті органға және жеткізушілерге ұйымның интернет-ресурсы арқылы ұсыну;

- сақтандырудың міндетті түрін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын автоматты есептеу;

- әр сақтанушы бойынша (сақтандырылған, пайда алушы) электрондық түрде сақтандыру шарттары жөнінде ақпаратты сақтау үшін сақтандыру шарттары бойынша электрондық деректер қорын жүргізу;

- өзінің интернет-ресурсында электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасауға пайдаланатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізілімін орналастыру.

Басқарма төрағасы – Ануарбекова Линара Амантаевна
Байланыс телефондары: +7 (727) 352 75 70, +7 (727) 352 75 75
Интернет-ресурс: www.mkb.kz
Электрондық пошта: info@mkb.kz
МКБ орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, A05В0У8 Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі,67-үй .

"Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы" АҚ

«Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» акционнерлік қоғамы

«Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» АҚ (бұдан әрі - БСБ)    2015 жылдың 23-ші шілдесінде, өз кезегінде 1995 жылы құрылған, «Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар Республикалық мемлекеттік кәсіпорынынан қайта құру арқылы ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі  - ҚРҰБ), қоғамның жалғыз құрылтайшысы және акционері болып табылады.

БСБ-ның негізгі мақсаттары ҚРҰБ,оның ұйымдарының, филиалдарының, және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау бойынша уәкілетті органдарының қызметтерінде цифрландыру процестерін қамтамасыз ету және сүйемелдеу болып табылады.

БСБ бағдарламалық өнімдерді әзірлеу, сүйемелдеу және жеткізу бойынша, сондай-ақ, бағдарламалық өнімдерді пайдалану және тиісті ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетеді, деректерді тарату бірыңғай қорғалған корпоративтік желісіне қызмет көрсетеді, деректерді тарату бірыңғай қорғалған корпоративтік желісінің АТ-қызметтерін және АТ- инфрақұрылымын сүйемелдеу қызметтерін көрсетеді, ақпараттық-анықтамалық қызметінің қызметтерін көрсетеді, ақпараттық технологиялар саласына сараптамалық талдауларды жүзеге асырады, автоматтандырылған бизнес-процестерге зерттеулерді, талдауларды және оңтайландыруды жүргізеді, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу бойынша қызметтерді көрсетеді, жобалар және жобалар портфелдерін басқару бойынша қызметтерді көрсетеді, ҚРҰБ үшін сатып алулар порталын дамыту және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуін жүзеге асырады, сондай-ақ сатып алулар порталына қолжетімділікті ұсынады.

Басшы:
Басқарма Төрағасы - Майкотов Нұрдәулет Муратұлы
Байланыс ақпараты:
Тел\Факс: +7 (727) 258 49 58
e-mail: info@bsbnb.kz
Интернет-ресурсы: www.bsbnb.kz
Мекен-жайы: А15Р5В5, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 30/8, 163 т.е.б.

"Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы" АҚ

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы» АҚ

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 2021 жылғы 11 наурызда тіркелді.

Қоғам қызметінің мәні - Ұлттық Банк пен оның еншілес ұйымдарының қызметін консультациялық қолдау үшін төлем және қаржылық технологиялар, машиналық оқыту және жасанды интеллект саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі және ақпараттық жүйелерді әзірлеу.

Қоғамның негізгі мақсаты ғылыми-зерттеу сараптамасын құру және дамыту, сондай-ақ Ұлттық Банк пен оның еншілес ұйымдары үшін, оның ішінде жетекші халықаралық зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықта қаржылық және төлем технологиялары саласындағы пилоттық жобалардың түп үлгісін жасау және іске асыру болып табылады.

 

Қоғам қызметінің түрлері:

1) Ұлттық Банк пен оның еншілес ұйымдары үшін төлем және қаржылық технологиялар саласында ғылыми-зерттеу және консультациялық қызметтер көрсету;

2) Қоғам қызметінің мәні шеңберінде орта мерзімді және қысқа мерзімді оқыту бағдарламаларын, семинарларды, конференцияларды, көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;

3) Ұлттық Банк пен оның еншілес ұйымдары үшін қаржылық және төлем технологиялары, сондай-ақ машиналық оқыту және жасанды интеллект саласында, оның ішінде деректерді талдау және визуализациялау үшін ақпараттық жүйелерді әзірлеу және сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету;

4) Қоғам қызметінің мәні шеңберінде оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті, газеттерді, журналдарды, мерзімді жарияланымдарды басып шығару және тарату.

 

Басқарма Төрағасы – Куанышбеков Елдос Маратович

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәнгілік Ел даңғылы, 57 «А».

Телефоны: 8 717 277 55 77 (ішкі нөмір - 5665)

Е-mail: info@tcnb.kz

Интернет –ресурсы: www.payfintech.kz

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық депозитарий) құрылтай жиналысының шешімімен (1997 жылғы 16 мамырдағы № 1 хаттама) құрылды. Орталық депозитарий мамандандырылған коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның дауыс беруші акцияларының 63,24 % Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, 29,28 % – "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ға, 5,93 % – екінші деңгейдегі банктерге және 1,55 % – брокерлік компанияларға тиесілі.

Орталық депозитарий мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1)    депозитарлық қызмет;

2)    бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметі;

3)    қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингтік қызмет;

4)    банктік операциялардың жекелеген түрлері;

5)    Қазақстан Республикасының заңнамасында Орталық депозитарийдің жүзеге асыруына тыйым салынбаған қызметтің өзге түрлері.

Орталық депозитарий депозитарлық қызметті және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының аумағындағы бірден-бір ұйым болып табылады.

Орталық депозитарий Басқармасының Төрағасы – Мухамеджанов Адиль Нурланович.

Бас офис:

050051, Алматы қ., "Самал-1" ы/а, 28
Жалпы телефон нөмірлері: +7 (727) 262 08 46, 355 47 60
Факс: +7 (727) 262 08 46, 355 47 60
E-mail: kacd@kacd.kz
Call-орталық: 8 800 080 86 68 (қалалық және ұялы телефоннан қоңырау шалу Қазақстан Республикасы бойынша тегін), +7 (727) 355 47 61, +7 777 150 94 22 (тек WhatsApp), ccmail@kacd.kz.

Қосымша офистер:

A15P5B5, Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 30/8, "Тенгиз Тауэрс" ТК аумағында
Телефон нөмірлері: +7 (727) 262 08 46, 355 47 60
Факс: +7 (727) 262 08 46, 355 47 60
E-mail: kacd@kacd.kz

010000, Астана қ., "Алматы" ауданы, Амангелді Иманов к-сі, 13, "Нұр-Сәулет 2" БО, 101-оф.
Телефон нөмірлері: +7 (727) 262 08 46, 355 47 60 (ішкі 320, 322)

"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚОҚ»АҚ) әділет органдарында 2017 жылғы 11 қыркүйекте тіркелді. «ҚОҚ» АҚ-тың Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.

Қоғам қызметінің негізгі мақсаттары екінші деңгейдегі банктерге қаржылық қолдау көрсету арқылы банк секторының қаржылық тұрақтылығына жәрдемдесу, ипотекалық тұрғын үй қарыздарының, жалға берілетін тұрғын үйлердің қолжетімділігін артыруды қамтамасыз етуге, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру тетігін іске асыруға, басымдық берілген жобаларды кредиттеу тетігіне, Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін төмендету бойынша шараларды іске асыруға қатысу болып табылады.

«ҚОҚ» АҚ қызметінің негізгі түрлері мыналар болып табылады:

  • екінші деңгейдегі банктерге қаржылық қолдау көрсету, оның ішінде реттелген қарыз беру (реттелген облигацияларды сатып алу) арқылы қолдау және осы мақсаттарда екінші деңгейдегі банктермен және олардың акционерлерімен шарт жасасу;
  • инвесторларды іздестіру және екінші деңгейдегі банктердің реттелген облигацияларды (реттелген борышты) айырбастау арқылы сатып алынған акцияларын жаңа инвесторға (инвесторларға) өткізу;
  •  қаражатты бағалы қағаздарға, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шот және банктік салым шартының талаптары бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен талаптар бойынша орналастыру;
  • факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан, төлемеу тәуекелін қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу (екінші деңгейдегі банктерден банктік қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алу);
  • екінші деңгейдегі банктерге банктік қарыздарды кері қайта беру.

Басқарманың Төрағасы – Оспанов Ерболат Серікұлы
Мекенжайы: A15C9T5, Алматы қ., мкр. Коктем-3, 21
Телефон: +7 (727) 277-20-25 (ішкі н.7300);
E-mail: info@kfu.kz
Интернет-ресурс: www.kfu.kz

Жоғарыға