1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Есептік тіркеуден өту үшін цифрлық активтердің сауда платформасы операторының қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген өтініш беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Ұлттық Банктің кеңсесі арқылы келесі құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:

1) атқарушы орган басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді қоса алғанда (дипломның (дипломдардың) көшірмелерін және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатты қоса бере отырып), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нысан бойынша өтініш;

2) ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжат;

3) өтініш беруші өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жарғы;

4) цифрлық қаржылық активтер платформасы операторының цифрлық активтердің сауда платформасы операторымен, банкпен және (немесе) Ұлттық пошта операторымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын құжат;

5) өтініш берушінің басқару органы бекіткен цифрлық активтердің сауда платформасы операторы қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары;

6) тұлғаның өтінішті және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтерді беруге өкілеттіктерін растайтын құжат.

Ұлттық Банк құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде цифрлық активтердің сауда платформасы операторын есептік тіркеу туралы шешім қабылдайды.

Талаптар:

1. Цифрлық активтердің сауда платформасы операторы акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.

2. Цифрлық қаржылық активтер платформасы операторы жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері кемінде 200 000 000 (екі жүз миллион) теңгені құрайды.

3. Цифрлық активтердің сауда платформасы операторының басшы қызметкеріне, құрылтайшыларына және қатысушыларына (акционерлеріне) қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11, 12 және 13-тармақтарында белгіленген.

4. Цифрлық активтердің сауда платформасы операторының ішкі қағидалары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

1) клиенттерге көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы;

2) цифрлық активтердің сауда платформасы операторының цифрлық платформасында цифрлық активтерді сатып алу, сату және айырбастау тәртібі, сондай-ақ цифрлық активтермен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды аяқтау тәртібі мен мерзімдері;

3) цифрлық активті өтеуге қойылатын талаптар мен шарттар, цифрлық қаржылық актив эмиссиялаушысының цифрлық қаржылық актив иеленушілері алдындағы міндеттемелерінің орындалуын тексеру тәртібі;

4) киберқауіпсіздік шараларын сақтау тәртібі;

5) цифрлық активтер әмияндарын ашу және жүргізу тәртібі мен шарттары;

6) клиентті сәйкестендіру және верификациялау процедуралары;

7) қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын цифрлық активтер әмияндарының мекенжайлары;

8) айналысқа рұқсат етілген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің тізбесі және оларды іріктеу критерийлері;

9) клиенттің біліктілігіне байланысты қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын операцияларға қатысты қолданылатын лимиттер мен шектеулер;

10) цифрлық активтермен операцияларды жүзеге асыру үшін клиенттің біліктілігін анықтау тәртібі мен тетігі;

11) цифрлық қаржылық активтер платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының алғашқы 3 (үш) қаржылық (операциялық) жылға арналған бизнес-жоспары.

5. Цифрлық активтердің сауда платформасы операторы сауда платформасында цифрлық активтермен сауда-саттық басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын Ұлттық Банкке цифрлық объектінің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне жүргізілген сынақ хаттамасын (нәтижелерін) ұсынады.

Жоғарыға