«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы (өзгерістерімен) және «Мемлекеттiк статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257 (өзгерістерімен) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады.
Бұл бөлімде ел экономикасының ақша-кредит саласын, ел резиденттерінің бейрезиденттермен қарым-қатынасын, экономиканың қаржы секторының, бағалы қағаздар нарығының және ұлттық төлем жүйесінің ахуалын сипаттайтын Қазақстан Ұлттық Банкінің статистикалық деректері ұсынылған. Бөлімде статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдіснамасы және статистикалық ақпараттың шығу жылдық кестесі келтірілген.
Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің статистикалық қызметінде жалпы қабылданған халықаралық стандарттармен, сыныптамалар мен әдістермен келісілу мен салыстырмалылық қағидаттарын, сондай-ақ пайдаланушылардың ресми статистикалық ақпаратқа теңдей қол жеткізуін, алғашқы деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарын басшылыққа алады. Статистикалық деректерді қалыптастыру кезінде халықаралық стандарттар мен статистикалық есепке алу қағидаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін ресми статистикалық әдіснама пайдаланылады»