Қазақстан Ұлттық Банкі

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің орталық банкі ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне кіру процесіне тартылған. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға мүше мемлекеттермен сауда-экономикалық қатынастарды қолдайды, сондай-ақ әріптес елдермен тығыз қарым-қатынастар орнатты. Осыған байланысты Ұлттық Банк қаржылық тұрақтылықты қолдауға бағытталған өзінің мақсаттары мен міндеттерін негізге ала отырып, интеграциялық процестерге тартылады және дамыған елдердің орталық банктерінің тәжірибесін зерделейді.

Ұлттық Банк әлемдік экономикадағы жаһанданудың жеделдетілген үдерістеріне сүйене отырып, халықаралық қаржы ұйымдарымен де, орталық банктермен де диалогты нығайтуға үлкен көңіл бөледі.

Жоғарыға