Қазақстан Ұлттық Банкі

Әкімшілік актіге, әкімшілік іс-әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану: шағым беру тәртібі, шағымды қарау және оны шешу 

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 91-бабына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.

Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

Административный орган, должностное лицо, административный акт, административное действие (бездействие) которого обжалуются, не позднее трех рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Кодекстің 91-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам үшін бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған болып табылатын Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін, Қазақстан Республикасының Үкіметін қоспағанда, әкімшілік орган, лауазымды адам шағымды қарайтын орган деп танылады.

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.

Осылайша, Кодекстің 91-бабының 3-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым тікелей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қаралуға тиіс.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

Әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе әкімшілік әрекет жасау (әрекетсiздiк таныту) туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей мерзім шағым беру мерзімі болып табылады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша шағым беру мерзімін қалпына келтіруі мүмкін. Адамды шағым беру мүмкіндігінен айыратын ауру, еңсерілмейтін күш мән-жайлары және өзге де себептер дәлелді себептер ретінде танылады.

Шағым жасау үшін өтіп кеткен мерзім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды. Мерзімді өткізіп алу себептері шағымды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылуы мүмкін.

Шағым жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда беріледі. Шағымның мазмұнына қойылатын талаптар Кодекстің 93-бабында берілген.

Кодексте белгіленген тәртіппен берілген шағым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.

Шағым Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға шағымның қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін қисынды мерзім белгілейді. Егер әкімшілік рәсімге қатысушы шағымды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам белгілеген мерзімде келтірмесе, онда шағым өтініш берушіге қайтарылады. Өтінішті қайтару қайта өтініш жасауға кедергі келтірмейді. Шағым тіркелгеннен кейін әкімшілік рәсімге қатысушыға оның шағымды қарау кезіндегі құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.

Кодекстің 95-бабында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шағымды қараусыз қалдыру туралы шешім қабылдауға құқылы. Әкімшілік рәсімге қатысушыға шағымның қараусыз қалдырылғаны туралы хабарланады, бұл туралы өтініш берушіге осындай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады. Шағымды қараусыз қалдыруға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін әкімшілік рәсімге қатысушы қайтадан шағым беруге құқылы.

Кодекстің 96-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, шағым беру әкімшілік актінің, әкімшілік әрекеттің орындалуын тоқтата тұрады.

Шағымды қарайтын орган шағымды қарай отырып, мына:

1) әкімшілік актінің күшін жою туралы;

2) әкімшілік актінің күшін жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;

3) әкімшілік әрекетті жасау туралы;

4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

5) жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік істі жіберу туралы;

6) шағымды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін шығарады.

 Шағымды мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін жазбаша нысанда шешім шығарылады, ол әкімшілік рәсімге қатысушыға жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі орындау үшін міндетті болып табылады. Егер шағымды қарайтын орган Кодексте белгіленген мерзімде шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдамаса, онда мерзім өткен күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шағымды қанағаттандырудан бас тартты деп есептеледі.

Әкімшілік рәсімге қатысушы шешіммен келіспеген жағдайда, әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымды қарайтын басқа органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы.

Шағым Ұлттық Банкке пошта арқылы жіберіледі, сондай-ақ өтініш берушілердің өздері беруі немесе мына мекенжай: Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57а ғимараты бойынша курьермен жеткізуі мүмкін. Сонымен қоса, шағымды https://eotinish.kz/ өтініш беру платформасы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ жанындағы «Нәтиже» орталықтары арқылы жіберуге болады.

Тікелей өтініш беруші беретін не курьер жеткізетін шағымды Ұлттық Банктің ұйымдастыру жұмысы және бақылау бөлімшесінің қызметкері қабылдайды, телефоны: 8 (7172) 775118 (ішкі 1740)

Ұлттық Банк филиалдарының мекенжайлары мен байланыс телефондары төменде көрсетілген.

Ұлттық Банк  филиалдарының

мекенжайлары мен байланыс телефондары

р/с 

Филиалдың аты

Мекенжайы

Телефон

1.

Орталық филиал 

010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй

8 (7172) 703313 қабылдау бөлмесі 

2.

Ақмола филиалы

020000, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214

8 (7162) 551801 қабылдау бөлмесі

3.

Ақтөбе филиалы

030000, Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесі, 45 

8 (7132) 703910 қабылдау бөлмесі

4.

Алматы қалалық филиалы

050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 98

8 (727) 2443620 қабылдау бөлмесі

5.

ҚРҰБ Жетісу облысындағы филиалы (Талдықорған қ.)

040008, Талдықорған қаласы,

М. Төлебаев көшесі, 58/64

8 (7282) 559501 қабылдау бөлмесі  

6.

 

ҚРҰБ Алматы облысындағы филиалы

(Қонаев қ.) 

040803, Қонаев қаласы,

Достық көшесі, 1 
8 (707) 7563070 қабылдау бөлмесі  

7.

 

ҚРҰБ Абай облысындағы филиалы

(Семей қ.)
071400-071417, Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 20Б  8 (727) 2788104 қабылдау бөлмесі  

8.

 

ҚРҰБ Ұлытау облысындағы филиалы

(Жезқазған қ.)

100600, Жезқазған қаласы, Бейбітшілік, 10/3  +77010770837 

9.

Атырау филиалы

060002, Атырау қаласы,  Уәлиханов көшесі, 2а

8 (7122) 556502 қабылдау бөлмесі

10.

Шығыс Қазақстан филиалы

070004, Өскемен қаласы,  Қазақстан көшесі, 3

8 (7232) 560680 қабылдау бөлмесі

11.

Жамбыл филиалы

080000, Тараз қаласы,  Қазыбек-би көшесі, 137

8 (7262) 999341 қабылдау бөлмесі

12.

Батыс Қазақстан филиалы

090000, Орал қаласы, Досмухамедов көшесі, 16/1

8 (7112) 554535 қабылдау бөлмесі

13.

Қарағанды филиалы

100000, Қарағанды қаласы,  Бұхар жырау көшесі, 19

8 (7212) 559337 қабылдау бөлмесі

14.

Қостанай филиалы

110000, Қостанай қаласы. Баймағамбетов көшесі, 195

8 (7142) 990910 қабылдау бөлмесі

15.

Қызылорда филиалы

120015, Қызылорда қаласы, Б.Асқар көшесі, 30

8 (7242) 551525 қабылдау бөлмесі

16.

Маңғыстау филиалы

130000, Ақтау қаласы, 23-шағын аудан

8 (7292) 701500 қабылдау бөлмесі

17.

Павлодар филиалы

140000, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 44 үй

8 (7182) 704415 қабылдау бөлмесі

18.

Солтүстік Қазақстан филиалы

150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 6

8 (7152) 551527 қабылдау бөлмесі

19.

Шымкент филиалы

160012, Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі, 2

8 (7252) 997904 қабылдау бөлмесі

20. Түркістан филиалы 161200, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, 371 8 (7253) 359969 қабылдау бөлмесі

21.

Кассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал)

050031, Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 511

8 (727) 2588716 қабылдау бөлмесі

Жоғарыға