1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Кестеде жеке тұлғалардың (резиденттер мен бейрезиденттердің) екінші деңгейлі банктердегі салымы туралы ақпарат берілген. Соның ішінде ағымдағы шоттар да бар. Мәліметтер салым түрі мен валюта түріне қарай жіктеледі. Ол халықтың жинақ құрылымын, валютаны таңдауын және жинақтау динамикасын талдауға мүмкіндік береді.

Деректер кезеңнің аяғына қарай ай сайын жаңартылып, бір ай кешігіп жарияланады (мысалы, қаңтардың мәліметі ақпанда шығады).

Банк салымының түрлері:

Қажет болғанға дейінгі салым – бұл салымнан ақшаңызды бірінші сұраған кезде толық немесе жартылай алуға болады, әрі есептелген пайыздан қағылмайсыз. Әдетте процент минималды ставкамен есептеледі.

Шартты салым – белгілі бір шарттар орындалғанда ғана ақшаңызды ала аласыз, ал процент салым шартына сәйкес есептеледі.

Мерзімі бар салым – белгілі бір мерзімге ашылатын салым. Егер ақшаны толық немесе жартылай мерзімінен бұрын алсаңыз, сыйақының бір бөлігі ұсталып қалуы мүмкін.

Жинақ салымы – белгілі мерзімге ашылып, процентпен ақша жинауға арналған салым.

Ағымдағы шот – қаржы операцияларын жүргізуге арналған шот, онда ақшаңызды кез келген уақытта шектеусіз салып, алып, аудара аласыз.

Айлар бойынша іріктеу
Көрсеткіштер бойынша іріктеу
Басы
Соңы

Жарияланды: 27.03.2026

Келесі жарияланым: 27.04.2026

Ескерту


Жоғарыға