1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстанның міндеттемелеріне қатысты ағымдағы операциялар бойынша халықаралық төлемдер мен аударымдарға қатысты шектеулерді қолданбау туралы міндеттемелер қабылданды. Қызметтер/тауарлар саудасы бойынша төлемдер мен аударымдар бойынша шектеулер жоқ, олар бойынша Қазақстан Республикасы қабылданған арнайы міндеттемелерге қатысты нақты міндеттемелер қабылдады.
Сыртқы талаптар нашарлаған кезде төлем балансының талаптарын бағалау, ДСҰ Комитетімен консультациялар.

ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан банктердің валюталық операцияларына, ЕАЭО мүше мемлекеттердің резиденттерінің шоттарын ашуға және жүргізуге қатысты шектеулер жоқ.
Мүше мемлекеттердің резиденттерінің валюталық операцияларына, ЕАЭО мүше мемлекеттердің резиденттерінің және үшінші елдердің резиденттерінің шоттарына (салымдарына) қатысты валюталық құқықтық қатынастарды реттеуге және оларды ырықтандыруға, сондай-ақ валюталық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы нормаларды үйлестіруге келісілген тәсілдерді әзірлеу.
ЕАЭО-нің қаржы нарықтары бойынша консультативтік комитеттің, ЕАОЭ аумағында валюталық бақылау және валюталық реттеу мәселелері жөніндегі, валюта-қаржы жүйесіндегі ынтымақтастық , мүше мемлекеттер аумақтарында тауарлардың, қызметтер мен капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қатысу.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚ) стандарттарын орындау. КЖ/ТҚҚ стандарттарын сақтау бойынша есеп 1. Мынадай қызмет түрлеріне күшейтілген мониторинг шараларын әзірлеу: - электрондық ақша, виртуалды цифрлық валюта, қаржы техникалық компаниялардың сервисі; - қолма-қол айырбастау операциялары; - қолма-қол емес конверсиондық операцияларды кезеңмен өзара бағалау. 2.Тәуекелге бағдарланған қадағалаудың жалпы тұжырымдамасы аясында АЖ/ТҚ тәуекелдерінің мониторингі және қадағалау рәсімін әзірлеу.
3. Қаржылық қадағалау, валюталық бақылау және қаржы мониторингі органдарын үйлестіру және ақпарат алмасу рәсімдерін келісу.


Шетелдік филиалдардың капитал және қаржылық шотының операциялары бөлігінде қандай да бір шектеулерді енгізбеу туралы міндеттемелер қабылданды, сондай-ақ еуропалық шетелдік филиалдар репатриациялау талабынан босатылды. 
Қазақстан Республикасы бір жағынан, және Еуропалық Одақ пен оның мүше мемлекеттері арасында екінші жағынан кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің сақталуының мониторингі.

Жоғарыға