ҚР Ұлттық Банкі қаржы активтерін цифрландыру (ҚАЦ) жобасын іске қосты. Жобаның мақсаты – ақшамен (стейблкоиндер) және қаржы құралдарымен қамтамасыз етілген токендерді қоса алғанда, цифрлық қаржы активтерін айналымға енгізу мен дәстүрлі қаржы құралдарын токендеу. Сондай-ақ, жоба облигация, акция мен басқа да бағалы қағаздар сияқты қолданыстағы (дәстүрлі) қаржы құралдарын токенизациялауды көздейді, бұл оларға цифрлық форматта айналымда жүруге мүмкіндік береді.
Заңнама базасы
ҚАЦ аясындағы жоба аясында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді. Заң жобасы цифрлық активтерге байланысты қызметті құқықтық алаңға енгізуге және реттеуші құмсалғыш тетігі арқылы ерекше режимде реттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық активтерге байланысты жобаларды реттеудің ерекше режимін (реттеуші құмсалғыш) енгізуге байланысты өкілеттігі бекітіледі.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 11 қарашадағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің реттеудің ерекше режимін енгізу және күшін жою, төлем ұйымдарының реттеудің ерекше режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы (немесе) қаржы ұйымдары болып табылмайтын өзге де заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің іріктеу өлшемдерін және реттеудің ерекше режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды қарау қағидаларын бекіту туралы» № 178 қаулысына тиісті түзетулер енгізіледі. Қаулының жобасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық активтерге байланысты қызметке қатысты реттеудің ерекше режимін (реттеуші құмсалғыш) енгізу мандатын бекітеді.
Реттеуші құмсалғышқа қатысушыларды іріктеу критерийлері
Реттеуші құмсалғышқа қатысуғаөтініш берушілер белгілі бір талаптарға сәйкес келуі қажет.
Қатысушыларды іріктеудің негізгі критерийлері:
- өтініш берушінің мәртебесі (екінші деңгейлі банк; банк операцияларының кей түрін жүзеге асыратын ұйым; резидент төлем ұйымы, өзге де заңды тұлға ҚР резидент тұлғасы (қаржылық емес ұйым);
- құрылтайшы мен компанияның заң алдында таза болуы (соттылығы, қолданыста қадағалау ден қою шаралары мен санкциялары жоқ);
- реттеудің ерекше режимі шеңберінде жоспарланған қызметтің сәйкестігі: 1) көрсетілетін төлем қызметтері мен цифрлық активтер нарықтарында бәсекелестікті арттыру; 2) көрсетілетін төлем қызметтері мен цифрлық активтер нарықтарын дамыту және тұтынушылар мүдделеріне сәйкестігі; 3) көрсетілетін төлем қызметтері мен цифрлық активтердің географиялық қолжетімділігін арттыру; 4) жаңа технологиялар мен көрсетілетін қызметтерді енгізу 5) көрсетілетін төлем қызметтері мен цифрлық активтерді тұтынушылар мен нарыққа қатысушыларға шығындар мен тәуекелдерді азайту;
- бизнес-жоспардың сәйкестігі (жоспардың мақсаты мен мазмұны реттеудің ерекше режимінің міндеттеріне сәйкес келеді).
Реттеуші құмсалғышқа қатысу үшін ҚРҰБ-ға өтініш беруші жолдайтын құжаттар мен мәліметтер
Реттеуші құмсалғышқа қатысуға өтініш берушілер ҚР Ұлттық Банкіне мынадай құжаттарды қоса өткізе отырып өтініш (№ 178 Қаулыға қосымша) беруі қажет:
1) құрылтай құжаттары – нотариалды куәландырылған көшірмелер (егер түпнұсқасы болмаса);
2) заңды тұлғаның толық атауын және орналасқан жерін көрсете отырып, құрылтайшылар, акционерлер, бірінші басшы туралы мәліметтер;
3) мыналарды қамтитын бизнес-жоспар:
- реттеудің ерекше режимі шеңберінде цифрлық активтермен байланысты қызметті көрсету қажеттілігінің негіздемесі;
- реттеудің ерекше режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызмет пен нысаналы аудиторияның сипаттамасы;
- төлем қызметін және (немесе) цифрлық активтермен байланысты қызметті көрсету аумағы;
- ықтимал артықшылықтар мен сын-қатер;
- сын-қатерді басқару жоспары;
- қызмет ауқымы (көлемі, тұтынушылар);
4) қызмет көрсету мерзімі (жобаны іске асырудың болжанған кезеңі көрсетіледі);
5) даму кезеңдері мен тиімділікті бағалау:
- бағалау көрсеткіштері мен өлшемшарттары;
6) қызметін тоқтату жоспары:
- қызметтерді аяқтау тәртібі және тұтынушылармен шарттық міндеттемелерді реттеу;
7) құқықтық реттеу:
- «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» ҚР Заңдары нормаларының және ҚРҰБ нормативтік құқықтық актілерінің қолданылу аясын көрсету.
Реттеуші құмсалғышқа қатысу процесінің картасы
Процесс картасы ҚР Ұлттық Банкі пилоттық жобаға қатысушылармен жұмыс істеген кезінде қажет іс-шаралардың реттілігін сызбамен көрсетеді (қоса беріледі).
Толығырақ ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
+7 (7172) 775344 (ішкі 3811)
e-mail: hq@nationalbank.kz