1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Мұражайдың тарихы

Ұлттық Банк мұражайы Қазақстан Республикасының аумағындағы ең бірегей мұражайлардың бірі  болып табылады. Ақша жүйесінің тарихы мен дамуы, ақша белгілері барлық кезеңдерде тану және талқылау үшін қызықты тақырып болды. Мұражайы ақша белгілерінің алуан түрлі үлгілері ұсынылған жалғыз мұражай болып табылады.

Мұражайы Банк жүйесінің даму тарихы кабинетінің базасында Мембанктің республикалық кеңсесінің басқарушысы В.А. Бондаренконың бастамасымен құрылды.

Мұражайының ресми ашылуы 1997 жылғы 13 қарашада Ұлттық Банкінің ғимаратында өтті.

2002 жылғы 15 қарашадан бастап мұражай Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалының ғимаратында жұмыс істейді.

 

Экспозициялар мен коллекцияларға шолу

Мұражай экспозициясы төрт бөлімнен тұрады:

- VIII–XIV ғғ. ақша белгілері,

- 1865–1917 жж. ақша белгілері,

- 1918–1992 жж. ақша белгілері,

- 1993 – осы шақ  ақша белгілері.

Бірінші бөлімде Отырар, Тараз, Барысхан, Сарайшық қазбаларынан Ұлы Жібек жолында қолданылған ақша белгілері ұсынылған.

Екінші бөлімге – Төңкеріске дейінгі Ресей кезеңіне мұражайдың бірнеше витриналары арналған, оларда бұл кезеңнің ақша белгілері ғана емес, сол уақыттардағы құжаттар да көрсетілген.

Үшінші бөлім айтарлықтай қызығушылық туғызады, мұнда Кеңес өкіметінің алуан жылдарында шығарылған ақша белгілері көрсетілген: құны 15, 30, 60 рубль банкноталар, номиналы 1 миллиард рубль купюра, Хорезм Республикасының жібек ақшасы, Верный қ. апиын ақшасы және т.б.

Төртінші бөлім екі бөліктен тұрады – Теңге сарайының және Банкнот фабрикасының бұйымдары.  

Ұлттық валюта – Теңге бойынша экспозициясы бар витриналарда түрлі металдардан (алтын, күміс, нейзильбер) жасалған монеталардың толық жиынтығы ғана емес, сол сияқты Қазақстан Республикасының жоғарғы наградалары да бар. Бұл жиынтықта халықаралық көрмелерде жүлделі орындар алған ескерткіш монеталар ұсынылған. Бұл «Регель қызғалдағы», «Шабандоз», «Ғарыш», «Шыңғысхан», «Диадема бөлігі», «Жолбарыс», «Аттила» монеталары. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мұражайында мемлекетіміздің әр түрлі тарихи оқиғаларына байланысты шығарылған 2 кг алтын және күміс коллекциялық монеталарды көруге болады.

Мұражайдың орталық бөлігінде тәуелсіз Қазақстанның  рәмізі – «Алтын Адам» макеті орналасқан.

 

Мұражай мекенжайы: Алматы, Панфилов көшесі, 98.

(Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалының ғимаратында)

е-mail: Af_80@nationalbank.kz

+7(727)261-25-70 (мұражай меңгерушісі)

Жұмыс уақыты: 09:00 – 18:30

Демалыс күндері – сенбі және жексенбі

 

Мұражайға бару өтінімдерін қабылдау тәртібі

Мұражайда тұрақты түрде бір жарым сағаттық экскурсиялар өткізіледі, олардың барысында cіздер VIII ғасырдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі экспонаттармен таныса аласыздар. Экспозицияларда ақша жүйесі эволюциясының негізгі кезеңдері – Жібек жолынан бастап Қазақстан Республикасының заманауи ақша белгілеріне дейін Қазақстан Республикасының аумағында қолданылған банкноталар мен монеталар ұсынылған.

Ұлттық Банктің мұражайына экскурсиялар тегін өткізіледі.

Мұражайға баруды ұйымдастыру үшін келушілердің тізімін (20 адамнан артық емес) қоса бере отырып, топ жетекшісінің аты-жөнін және телефонын көрсету керек. Өтінім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы директорының атына беріледі.

Жеке тұлғалар үшін келушілердің Т.А.Ә. көрсете отырып, еркін жазбаша нысанда өтінім ресімделеді және электрондық пошта арқылы жіберіледі. Жүзу – тізімге сәйкес .

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мұражайына қош келдіңіз!

Жоғарыға