Кеңейтілген айқындаудағы экономика кредиттері 2022 жылға 21,7%-ға өсті және 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 28,9  трлн теңгені құрады, оның 49,9%-ы бизнес кредиттеріне (бизнес мақсаттарына кредиттер алған қаржылық емес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер), 50,1%–ы халыққа берілген кредиттер. Бизнеске берілетін кредиттер 2022 жылға 12,9%-ға 14,4 трлн теңгеге, халыққа берілетін кредиттер - 32,0%-ға 14,5 трлн теңгеге дейін өсті. Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 25,0% - ға 26,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында 3,2%-ға 2,7 трлн теңгеге дейін төмендеді (оның ішінде оларды валюталық қайта бағалау есебінен). Банк секторының кредиттері кредиттердің жалпы көлемінің 85,6%-н құрады.

Кеңейтілген айқындаудағы экономикаға кредиттер бұл кредиттер бойынша нақты берешектің қалдықтары туралы мәліметтер болып табылады:

  • банк секторы (екінші деңгейдегі банктер, «Отбасы банкі» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қоса алғанда),
  • ипотекалық ұйымдар («Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ, «Экспресс Финанс» Ипотекалық ұйымы» АҚ),
  • квазимемлекеттік сектордың басқа субъектілері (нақты секторға кредит беруді жүзеге асыратын «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары: «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ),
  • микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар (микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар).

Деректер бизнеске кредиттер (заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге бизнес мақсаттарына кредиттер) және халыққа кредиттер (жеке тұлғаларға бизнеспен байланысты емес мақсаттарға кредиттер) санаттарын бөлектеу арқылы ұсынылған.

Банк секторы мен екінші деңгейдегі банктердің несиелері туралы толығырақ ақпаратты мына сілтемелер бойынша алуға болады:

Банк секторының кредиттері

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттері - берешек көлемі мен сыйақы мөлшерлемелері бойынша жиынтық деректер

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттері - талдамалық кестелер

Жоғарыға