1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Халықаралық резервтер және шетел валютасындағы өтімділік

Резервтік активтерде монетарлық алтын, арнайы қарыз алу құқықтары (СДР), ХВҚ-дағы резервтік позиция және резервтік активтердің өлшемшарттарына сәйкес келетін шетел валютасындағы басқа активтер қамтылуы мүмкін.

Монетарлық алтын – бұл 995/1000 төмен емес сынамадағы, елдің ресми органдарына тиесілі, әлемдік нарықтарда немесе халықаралық ұйымдарға шетел валютасына кез келген сәтте сатылуы мүмкін алтын.

Арнайы қарыз алу құқықтары (SDR) Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) ХВҚ-на мүше мемлекеттердің резервтерін толықтыру үшін құраған, елдер арасында олардың квоталарына тепе-тең бөлінетін халықаралық резервтік активтерді білдіреді. Осындай активтердің құны мынадай жетекші бес валютадан тұратын қоржынның доллардағы құны негізінде бағаланады: АҚШ доллары, еуро, Қытай юані, иена және фунт стерлинг.

ХВҚ-дағы резервтік позиция – мүше мемлекет қысқа мерзімді хабарландырумен ХВҚ-дан алуға құқығы бар шетел валютасының (резервтік транша – елдің ХВҚ-ның капиталындағы жарнасының 25%) және ХВҚ тарапынан мүше мемлекет алдындағы борыштың (егер ел ХВҚ-ға Қордың басқа елдердегі кредиттік қызметін қолдау үшін ресурстар берсе) сомасы.

Шетел валютасындағы резервтер – қолма-қол шетел валютасы, шетел банктеріндегі ағымдағы және депозиттік шоттардағы шетел валютасы, бағалы қағаздар

Басқа да резервтік активтер – өтімді болып табылатын және ақша-кредиттік реттеу органдары еркін пайдаланатын, бірақ резервтік активтердің басқа санаттарына кірмейтін шетел активтері.

Шетел валютасындағы өтімділік «халықаралық резервтерге» қарағанда неғұрлым кең тұжырымдаманы білдіреді. Шетел валютасындағы өтімділік бойынша деректер ұсыну (1) елдің ресми органдарының иелігіндегі, шетел валютасындағы қажеттілікті қанағаттандыру үшін кез келген сәтте пайдаланылуы мүмкін шетел валютасындағы ресурстар (халықаралық резервтер және шетел валютасындағы басқа активтер) және (2) алдын ала белгілі болған (жоспарланатын немесе әлеуетті) елдің ресми органдарының шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелеріне және олардың баланстан тыс операцияларына байланысты туындайтын шетел валютасындағы әкелулер мен әкетулерді қамтиды.

Елдің ресми органдарына тиесілі шетел валютасындағы ресурстар туралы деректерді, олардың міндеттемелері бойынша алдағы уақыттағы  қысқа мерзімді шетел валютасындағы таза шығындармен салыстырып тексеру, басқа деректермен қатар, елдің сыртқы осалдығын талдау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Есепті қалыптастыру кезеңділігі –  ай сайын. Жариялау мерзімі –  келесі айдың соңғы жұмыс күні.

Халықаралық басшылыққа алатын қағидаттарға сәйкес келу

Деректерді қалыптастырудың әдіснамалық негізі «Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция жөніндегі нұсқаулық» – алтыншы шығарылым (ТБН6) және «Халықаралық резервтер және шетел валютасындағы өтімділік. Деректерді ұсыну нысаны: басшылыққа алатын қағидаттар» ХВҚ 2013.

Жоғарыға