1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясы - бұл 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясатының даму бағытын анықтайтын ұзақ мерзімді құжат.

Стратегия баға тұрақтылығын қамтамасыз ету потенциалын күшейту және Қазақстандағы инфляциялық таргеттеу режимінің негізін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің саясатының ашықтығын арттыруға бағытталған. Ол ақша-кредит саясатының негізгі мақсаттары мен басымдықтарын анықтайды, бұл қоғам тарапынан Ұлттық Банктің қызметі туралы хабардарлық пен түсінуді арттырады.

Инфляцияны төмендету потенциалын тежейтін факторларды талдау негізінде экономикадағы құрылымдық шектеулерден өту және инфляциялық таргеттеудің толыққанды режиміне қол жеткізу үшін ақша-кредит саясатының тетіктерін жетілдіру бойынша басым шаралар анықталды.

Стратегиядағы негізгі бастамалар 3 бағытқа бөлінген.

  • Монетарлық негіздерін нығайту инфляциялық күтулерді бекітуді, Ұлттық Банктің экономиканы несиелендіру бағдарламалардан шығуын, байланысты жақсартуды, сондай-ақ өзгермелі айырбас бағамының негіздерін нығайтуды көздейді. Осы саладағы іс-шаралардың сәтті жүзеге асырылуы жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруға, күтілетін инфляция деңгейін тұрақтандыруға, сондай-ақ халықаралық резервтердің жеткілікті деңгейін сақтай отырып, өзгермелі айырбас бағамы режимін ұстануды күшейтуге мүмкіндік береді.
  • Қаржы нарығын дамыту үшін оның тиімділігін арттыру, долларлануды тұрақты төмендету және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша жұмыс қарастырылған. Дамыған қаржы секторын қалыптастыру ұлттық валютаға сенімді арттырады және елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығына әкеледі.
  • Макроэкономикалық саясаттың негіздерін нығайту экспортты әртараптандыруға және импорт тәуелділігін төмендетуге, нарықтық тариф белгілеуді дамыта отырып, нарықтық негіздегі мемлекеттік қолдау шараларына көшумен бюджеттік тәртіп пен циклге қарсы шығыстарды арттыруға бағытталған жүйелік шараларды жүзеге асыруды көздейді. Осы бағыттағы жұмыстың негізгі нәтижелері экономиканың сыртқы факторларға тәуелділігінің төмендеуі, бюджеттік жағдайдың нығаюы және макроэкономикалық тұрақтылықтың артуы болады.

Жоғарыда аталған барлық бағыттар бойынша бастамаларды іске асыру инфляциялық таргеттеудің қажетті элементтерін құруға мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, баға өсуінің бақылауын күшейтеді, инфляцияның төмендеуі мен орта мерзімде белгіленген 5% мақсатына жуық тұрақтануын қамтамасыз етеді. Бұл ұзақ мерзімді инвестициялар үшін болжамды жағдай жасайды және Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына ықпал етеді.

Жоғарыға