1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Конкурс

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсынуға ізденушілерді конкурстық іріктеу жүргізетіні туралы хабарлайды.

Гранттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 қаулысымен бекітілген Гранттар беру қағидаларында белгіленген.

Конкурстық іріктеуге қатысуға:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу қызметіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы деректерді жинау, сақтау және (немесе) өңдеу қызметіне байланысты мақсатқа, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын;

2) таратылу немесе банкроттық процесінде емес заңды тұлғалар (бұдан әрі – ізденушілер) жіберіледі.

 

Ізденушілерді конкурстық іріктеу «Қазақстандағы байлықты бөлу (wealth distribution): динамикасы, факторлары және мемлекеттік саясат шаралары» атты зерттеу тақырыбына өтеді.

 

Ұлттық Банкте өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша зерттеу тақырыбы бойынша біреуден артық грант беру не гранттар бөлмеу құқығы бар.

Конкурстық құжаттамада хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыбы, зерттеулерге қойылатын талаптар, ізденушілерді іріктеу талаптары, Ұлттық Банктің жауапты адамдарының байланыс деректері берілген.

Ізденушілердің өтінімдері Ұлттық Банкке Қазақстан Ұлттық Банкінің Порталы арқылы зерттеу басшысының және ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілдің электрондық цифрлық қолтаңбаларымен расталған, электрондық түрде беріледі.

 

Өтінім қабылдана бастайтын күн – 2026 жылғы 8 қыркүйек.

Өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 22 қазан.

 

Конкурсқа қатысты сұрақ туындаған жағдайда, мына электрондық мекенжайларға хабарласуға болады: esaphieva@nationalbank.kz, Meruert.Zhakupova@nationalbank.kz .

15.19 Кб
Жарияланған күні:
28.19 Кб
Жарияланған күні:
24.16 Кб
Жарияланған күні:
24.53 Кб
Жарияланған күні:
16.96 Кб
Жарияланған күні:
29.48 Кб
Жарияланған күні:
17.19 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға