Сұрақтар 1061 сұрақ
Монетаны интернет-дүкеннен қалай сатып алуға болады?
1.
1. KAZCOINS.NATIONALBANK.KZ САЙТЫНА ТІРКЕЛІҢІЗ
- Тіркелу үшін ТАЖ, ЖСН, телефон нөмірін, жеткізетін мекен-жайды жазу керек.
-
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құпия сөз қауіпсіздік саясатына сай болуы керек: кемінде 8 символ (бір бас әріп, сандар, латын әліппиімен жазылған арнайы символдар).
- Авторизациядан өту керек.
2. ӨЗІҢІЗДІ ҚЫЗЫҚТЫРҒАН МОНЕТАНЫ ТАҢДАП, ТӨЛЕМ ЖАСАУ КЕРЕК
- НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуға болатын монеталардың саны шектеулі.
- Төлем жасар алдында төлем картаңыздың интернет-транзакция бойынша шектеуі жоқ екеніне көз жеткізіңіз (төлем жасауға қажетті қаражат барын тексеріңіз).
- Мекен-жайыңыздың дұрыс екеніне көз жеткізген соң, тауардың ақшасын төлеу керек (осы кезеңде мекен-жайды ауыстыра аласыз).
- Сайт әкімшісі тапсырысты мақұлдағанын «Менің тапсырыстарым» бөліміне кіріп біле аласыз (өтініш 2 жұмыс күні ішінде мақұлданады).
3. ТАПСЫРЫСТЫ АЛУ
-
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Төлем тарифі аймаққа байланысты өзгереді (жеткізетін мекен-жайға байланысты).
Коллекциялық монеталарды қайдан алуға болады?
Коронавирус инфекциясының көптеп таралуына байланысты 2021 жылдың 19 сәуірінен бастап коллекциялық монеталар ілкі жоба ретінде Ұлттық Банктің
Коронавирус инфекциясының көптеп таралуына байланысты 2021 жылдың 19 сәуірінен бастап коллекциялық монеталар ілкі жоба ретінде Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.
Қазір біз интернет-дүкенді жетілдіріп, монеталарды сатудың басқа да баламалы жолдарын қарастырып жатырмыз.
Қандай банкноттар төлемге жарамсыз болып саналады?
Өз көлемінің 50% (елу) және одан да көп процентін жоғалтқан, «ҮЛГІ», «ОБРАЗЕЦ», «SPECIMEN», «МУЛЯЖ» деген жазулары бар, сондай-ақ, жалған ақшаның фрагменттері бар, желім және (немесе) жабысатын лентаның ізі қалған банкноттар төлемге жарамсыз болып саналады.
Өз көлемінің 50% (елу) және одан да көп процентін жоғалтқан, «ҮЛГІ», «ОБРАЗЕЦ», «SPECIMEN», «МУЛЯЖ» деген жазулары бар, сондай-ақ, жалған ақшаның фрагменттері бар, желім және (немесе) жабысатын лентаның ізі қалған банкноттар төлемге жарамсыз болып саналады.
ҚР-ның айналымнан шыққан банкноттарын қайда және қалай айырбастап алуға болады?
2021 жылдың 12 маусымынан бастап Ұлттық Банктің филиалдарында 2006 жылы және одан кейінгі жылдары шыққан банкноттар мерзімсіз айырбасталады.
2021 жылдың 12 маусымынан бастап Ұлттық Банктің филиалдарында 2006 жылы және одан кейінгі жылдары шыққан банкноттар мерзімсіз айырбасталады. Айналымнан шыққан номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды шексіз мерзімде Ұлттық Банктің барлық филиалынан айырбастап алуға болады. Біздің филиалдардың мекен-жайы мен байланыс деректері ҚҰБ сайтында жазылған.
Айта кетейік, жаңа банкнот шыққан жағдайда, 12 ай бойы ескі банкнот пен жаңа банкнот қолданыста қатар жүреді. Ескі үлгідегі банкнот сияқты жаңа үлгідегі банкнот заңды төлем құралы болып саналады және олардың бәрін бір жыл бойы барлық төлем түрлері бойынша қабылдауға міндетті.
Қандай да бір банкнот айналымнан шыққаннан кейін 3 жыл ішінде оны Ұлттық Банктің филиалдарынан, екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелері мен «Қазпошта» АҚ кеңселерінен айырбастап алуға болады.
Жыртылған, ескірген, жарамдылығы күмән тудыратын банкноттарды қай жерде және қалай айырбастауға болады?
Көп бүлінбеген (банкноттың шын ақша екенін анықтауға мүмкіндік бар болса), өз көлемінің 70% (жетпіс процентін), номиналды көрсете алатындай белгілерін (жазбаша немесе сандық) сақтап қалған болса, ескі екеніне қарамастан, ондай банкноттар Ұлттық Банк филиалдарында міндетті түрде айырбасталады.
Көп бүлінбеген (банкноттың шын ақша екенін анықтауға мүмкіндік бар болса), өз көлемінің 70% (жетпіс процентін), номиналды көрсете алатындай белгілерін (жазбаша немесе сандық) сақтап қалған болса, ескі екеніне қарамастан, ондай банкноттар Ұлттық Банк филиалдарында міндетті түрде айырбасталады. Оларды, сондай-ақ кез келген ЕДБ мен «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен айырбастап алуға болады.
Көлемінің 50% (елу процентінен) астамын сақтап қалған, бүлінген, банкноттың шын ақша екенін анықтауда қиындық тудыратын күмәнді банкноттар да ЕДБ мен «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде қабылданады. Бұндай ақша белгілерінің түпнұсқа екенін тексеріп, айырбастап беру мүмкіндігін қарастыру үшін Ұлттық Банк филиалдарына сараптамаға жіберіледі.
Сондай-ақ, күмәнді банкноттарды Ұлттық Банктің бүкіл филиалынан айырбастап алуға болады. Сараптама түпнұсқа деп тапқан банкноттар айырбастауға жатады және айрыбастап алғаныңыз үшін қосымша ақша төленбейді. Ұлттық Банк филиалдарының мекен-жайы мен байланыс деректері біздің сайтымызда жазылған.
Ұлттық валютадағы естелік банкноттарды қабылдамай, ұсақтамай және айырбастамай қойса, не істеу керек?
Естелік банкноттар да – заңды төлем құралы саналады.
Естелік банкноттар да – заңды төлем құралы саналады. Олар ескірген кезіне қарай айналымнан жойылып отырады. Оларды барлық төлем түрлері, банктік операциялар мен аударымдар бойынша қабылдауға міндетті. Бұл банкноттарды барлық екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелері шектеусіз ұсақтап, айырбастауы керек.
Бұндай банкноттар мен тиындарды қабылдап, ұсақтап немесе айырбастап беруден бас тартқаны үшін де Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 206-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Егер Сіздің осындай ақшаңызды қабылдаудан бас тартса, тиісті шара қолдану үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына жүгініңіз. Мүмкіндік болса, жағдайды бейнетаспаға түсіріп, болмаса, банкнотты не себепті қабылдамағаны үшін жазбаша түсініктеме талап етіңіз.
Естелік банкноттардың толық тізімі, сондай-ақ, Ұлттық Банк филиалдарының мекен-жайы мен байланыс деректері туралы ақпарат ҚҰБ сайтында жазылған.
Егер ұлттық валютаны қабылдамай, ұсақтамай немесе айырбастаудан бас тартса, не істеу керек?
Егер заңды төлем құралы болып саналатын ұлттық валютадағы банкнотты немесе тиынды қабылдаудан, айырбастаудан және ұсақтаудан бас тартса, онда мәселені анықтап, тиісті шара қолдану үшін Ұлттық Банктің ең жақын орналасқан филиалына жүгініңіз.
Егер заңды төлем құралы болып саналатын ұлттық валютадағы банкнотты немесе тиынды қабылдаудан, айырбастаудан және ұсақтаудан бас тартса, онда мәселені анықтап, тиісті шара қолдану үшін Ұлттық Банктің ең жақын орналасқан филиалына жүгініңіз. Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының мекен-жайы мен байланыс деректері туралы ақпаратты біздің сайттан таба аласыз.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің 206-бабына сәйкес, ұлттық валютаның айналымдағы банкноты мен тиынын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бірінші рет ескерту жасалады. Егер бір жыл ішінде қайталанса, кәсіпкерлік субьектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға 5-25 айлық есептік көрсеткіш аралығында әкімшілік айыппұл салынады. Екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүргізетін ұйымдарға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Ұлттық валютаны қай жерлерден айырбастап, ұсақтап алуға болады?
Ұлттық валютадағы банкноттар мен тиындарды кассада бар-жоғына қарай, бүкіл ЕДБ, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері мен Ұлттық Банк филиалдарынан айырбастап, ұсақтап алуға болады.
Ұлттық валютадағы банкноттар мен тиындарды кассада бар-жоғына қарай, бүкіл ЕДБ, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері мен Ұлттық Банк филиалдарынан айырбастап, ұсақтап алуға болады. Қолма-қол ақшаны ұсақтау үшін алынатын комиссияның минималды сомасы мен көлемін банктер мен «Қазпошта» АҚ өздері бекітеді. Ұлттық Банктің филиалдарында бұл қызмет түрі тегін.
Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының мекен-жайы туралы ақпарат пен байланыс деректерін ҚҰБ сайтынан таба аласыздар.
Айналымнан шыққан 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастап алуға бола ма?
Айналымнан алынған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің кез келген филиалынан еш кедергісіз қолданыстағы ақшаға айырбастап алуға болады.
Айналымнан алынған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің кез келген филиалынан еш кедергісіз қолданыстағы ақшаға айырбастап алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 12 маусымынан бастап 2006 жылы және одан кейінгі жылдары шыққан банкноттарды мерзімсіз айырбастап алуға болады. Біздің филиалдардың мекен-жайы мен байланыс деректері ҚҰБ сайтында жазылған.
Шын банкнотты жалған ақшадан қалай ажыратуға болады?
Шын банкнотты жалған ақшадан ажырату үшін түпнұсқадағы бірнеше белгіні білу жеткілікті.
Шын банкнотты жалған ақшадан ажырату үшін түпнұсқадағы бірнеше белгіні білу жеткілікті. Еліміздегі жалған банкноттардың негізгі бөлігі түпнұсқаның кейбір белгілерін ғана имитациялайтын жеңілдетілген технологиямен шығарылады. Қолдан жасалған мұндай банкнотты арнайы жабдықтың көмегінсіз-ақ «сезін – қара – аударып көр» әдісін қолдану арқылы анықтауға болады.
Алдымен банкнотты ұстап сезіну қажет.
Банкнот қағазы ерекше шытырлайды. Барлық банкнотта бедер беретін арнайы мөр басылған. Егер «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген атауды немесе Қазақстан картасындағы архитектуралық бейнелерді саусақпен ұстап көрсе, бедерді сезуге болады.
.jpg)
Сонымен қатар, барлық банкнотта көзі нашар көретін адамдарға арналған белгілер бар, олар банкноттың төменгі бөлігінде орналасқан. Бұлар – ұстап көргенде жақсы ажыратуға болатын жоғары бедерлі элементтер.
Екіншіден, банкнотты мұқият қараған жөн.
Бастапқыда ақша белгісінің таза, айқын, контрастты немесе лас болуын, дақтарының болуын жалпы көзбен көріп зерделеу қажет. Банкнотты жарыққа қаратып, аңыздағы самұрық құсы түріндегі су белгісін және номиналдың сандық бейнесін көруге болады.
.jpg)
Дәл осы сияқты, жазулары бар нүктелік сызықтар түрінде қағаз бетінде пайда болатын магнитті (металдандырылған) үзік жіпті тексеру қажет. Ол біртұтас болуы керек.
.jpg)
Үшіншіден, банкнотты аударып көру керек.
1000 теңгеден 20 000 теңгеге дейінгі банкноттарда көлбеу бұрышына қарай түсін жасылдан алтын түске дейін өзгертетін ерекше элемент бар. Банкнотты әр түрлі бұрыштарға баяу бұрған кезде элемент бойымен түсті жолақтың қозғалысын көруге болады.
.jpg)
.jpg)
2000 және 5000 теңгелік банкноттардың сырт жағында голографиялық жолақ бар. Голограммадағы суреттер жарқырайды және динамикалық әсері бар.
.jpg)
Бұл үш әдіс сізге банкноттың шынайылығын арнайы жабдықсыз анықтауға көмектеседі.