Сұрақтар 1017 сұрақ
Ұлттық Банктің «RSS-Валюталар бағамдарын тарату» сайтына қалай қосылуға болады?
Сіздің RSS-клиентіңіздің мынадай сілтемесін ретке келтіріңіз:
Сіздің RSS-клиентіңіздің мынадай сілтемесін ретке келтіріңіз:
Ұлттық Банктің «RSS-Жаңалықтар» сайтының қызметіне қалай қосылуға болады?
Сіздің RSS-клиентіңіздің мынадай сілтемелерін ретке келтіріңіз:
Сіздің RSS-клиентіңіздің мынадай сілтемелерін ретке келтіріңіз:
http://www.nationalbank.kz/rss_news_kazakh.xml - қазақ тіліндегі жаңалықтар үшін
http://www.nationalbank.kz/rss_news_russian.xml - орыс тіліндегі жаңалықтар үшін
http://www.nationalbank.kz/rss_news_english.xml - ағылшын тіліндегі жаңалықтар үшін
Сайтта валюталардың негізгі бағамдарының информерін қалай орналастыруға болады?
Ұлттық Банктің сайтында «gif» форматындағы информер түрінде бағамның төмендеу немесе көтерілу индикаторларымен валюталардың негізгі бағамдарын ұсынудың сервисі ашық.
Ұлттық Банктің сайтында «gif» форматындағы информер түрінде бағамның төмендеу немесе көтерілу индикаторларымен валюталардың негізгі бағамдарын ұсынудың сервисі ашық.
Информердің тұрақты мекенжайы: www.nationalbank.kz/rss/nb.gif
Маған теңгенің айырбас бағамы және ресми қайта қаржыландыру ставкасы бойынша Ұлттық Банктің ресми растамасы қажет. Ресми анықтаманы алу үшін қайда баруым керек?
Жауап: Ресми анықтама алу үшін мекен жайыңыз бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына өтініш өткізуіңіз керек.
Жауап: Ресми анықтама алу үшін мекен жайыңыз бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына өтініш өткізуіңіз керек.
Біздің компания оқуды ұйымдастыру саласында жұмыс істейді, және біз Ұлттық Банк қызметкерлерін оқыту бойынша ынтымақтастық ұсынамыз
Ұлттық Банк нарықты талдау негізінде сатып алу өткізу арқылы қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.
Ұлттық Банк нарықты талдау негізінде сатып алу өткізу арқылы қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады. Сіздің компанияңыз өткізетін оқыту бағдарламаларының тізбесін келесі электронды поштаға жіберуге болады: personal@nationalbank.kz, факс арқылы (727) 2704-615 немесе: 050040, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй мекенжайына жіберу.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде практикадан қалай өтуге болады?
Жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) студенттерін Ұлттық Банкте практикадан өтуге ресімдеу тәртібі ҚР мен Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) студенттерін Ұлттық Банкте практикадан өтуге ресімдеу тәртібі ҚР мен Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Практика басталғанға дейін ЖОО Ұлттық Банк басшысының атынан студенттер/магистранттар практикадан өту туралы өтінімді келісуге ұсынуға тиіс. ЖОО студенттері практикадан өтуге өтінімді ресми бланкіге ресімдеуі және онда мынадай ақпарат болуы тиіс:
- студенттердің/магистранттардың деректері бар тізім: аты-жөні, курсы, факультеті, мамандығы (мамандануы);
- оқу нысаны (күндізгі, сырттай), үлгеру рейтингтік балы, практика тақырыбы (ол бар болған кезде);
- практикадан өту мерзімі;
- студенттердің/магистранттардың практикадан өтуін ұйымдастыруды жүзеге асыратын және жауапты ЖОО лауазымды тұлғалары туралы деректер: аты-жөні, қызметі, жұмыс телефоны.
Ұлттық Банк ЖОО өтінімін келіскеннен кейін ҚЖЖБ қызметкері Ұлттық Банкте практикадан өту мүмкіндігі бар/мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы ЖОО-ға хабарлайды.
Ұлттық Банктің бөлімшелерінде студенттердің/магистранттардың практикадан өтуі Ұлттық Банк пен ЖОО арасында жасалатын кәсіби практикадан өту туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.
Осылайша, Ұлттық Банкте практикадан өту үшін ЖОО жоғарыда аталған талаптарды көрсете отырып ресми бланкіде өтінім ұсыну қажет. Ұлттық Банкте практикадан өту тегін жүзеге асырылады.
Белгілі бір күнгі валюталардың бағамдарын қалай алуға болады?
Браузердің мекенжай жолында мынадай сілтемені енгізу қажет: http://www.
Браузердің мекенжай жолында мынадай сілтемені енгізу қажет: http://www.nationalbank.kz/rss/get_rates.cfm?fdate=07.06.2017, бұл жерде «fdate=» параметрінде күн.ай.жыл форматында қажетті күнді қою керек.