Сұрақтар 1017 сұрақ
Венесуэла боливарын айырбастау туралы
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатуды және сатып алуды резиденттер мен резидент еместер шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктерден, осындай уәкілетті банктердің айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізеді.
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатуды және сатып алуды резиденттер мен резидент еместер шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктерден, осындай уәкілетті банктердің айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізеді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға жұмыс істеуге тиіс шетел валютасының тізбесіне қойылатын талаптардың белгіленбегенін атап өтеміз. Қазақстандық айырбастау пункттері жұмыс істейтін валюталардың түрлері, сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен айқындалады. Әдетте, бұл банктерімен Қазақстан банктерінің корреспонденттік қатынастары орнатылған елдердің валюталары. Банктік емес заңды тұлғалар болған жағдайда, осы тізбе өңірлік ерекшеліктер есебінен, жергілікті валюталар айналымы кейбір өңірде (мысалы: трансшекаралық аймақтар, ірі кедендік өткелдер және т.б.) «экзотикалық» валюталармен айырбастау операцияларын жүргізуден кірістер алуға мүмкіндік беретін кезде кеңейтілуі мүмкін.
Венесуэла боливарына қатысты төмендегіні назарға қабылдау қажет. Венесуэла Үкіметінің 2015 жылғы ақпандағы еркін валюта айырбастау нарығын құру және бағамды сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптастыру туралы хабарламасына қарамастан, елде валюталық сауда-саттық жүргізу кезінде, бағамдардың көп болуы, сондай-ақ, валюта айырбастаудың «қара» нарығы сақталып отыр. Осы жағдайда Венесуэла боливарын айырбастау бойынша алыпсатарлық және алаяқтық операциялар қаупі күрт өсуі мүмкін.
Венесуэла боливарының іс жүзінде шектеулі конвертациялануынан және осы елмен халықаралық операциялардың шамалы айналымын ескере отырып, Қазақстан банктерінің Венесуэла банктерімен корреспонденттік қарым-қатынастары жоқ.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жеке тұлғалармен жұмыс істемейтінін, оларға шетел валютасын сатпайтынын және олардан сатып алмайтынын, Венесуэла боливарын сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын айырбастау пункттері туралы мәліметтердің жоқ екенін қосымша атап өтеміз.
Халық теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамына бейімделді ме? Ұлттық Банк халықтың көңілін қалай да бір зерттей ме, көптеген адамдар девальвация қайталанады деп қорқады ғой? Осындай күтулерге негіз бар ма?
Ұлттық Банк елдегі инфляциялық және девальвациялық күтулерге үнемі зерттеу жүргізеді.
Ұлттық Банк елдегі инфляциялық және девальвациялық күтулерге үнемі зерттеу жүргізеді. Халық арасында жүргізілген пікіртерім халықтың көңілі біртіндеп тұрақтанғанын және теріс күтудің елеулі түрде төмендегенін көрсетеді. Біз жүйелі негізде айырбастау бағамының деңгейіне ықпал ететін факторларға қатысты кеңінен түсіндірме жұмысын жүргіземіз және бүгінгі күні қазақстандықтар оларды өздігінше қадағалай алады және тиісті шешім қабылдай алады.
Базалық мөлшерлеме мен қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің арасында қандай айырмашылық бар?
Ақша-кредит саясаты режімінің өзгеруі және инфляциялық таргеттеуге көшу Ұлттық Банк құралдарының, әсіресе қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің рөлі мен орнын айтарлықтай ауыстырады.
Ақша-кредит саясаты режімінің өзгеруі және инфляциялық таргеттеуге көшу Ұлттық Банк құралдарының, әсіресе қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің рөлі мен орнын айтарлықтай ауыстырады. Ақша-кредит саясатын жүргізу кезінде ақшаның құнын реттеу бойынша операциялар және тиісінше, базалық мөлшерлеме алдыңғы қатарға шығады, ал бұрын өтімділіктің деңгейін реттеу үшін пайдаланылған қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің рөлі фискалдық функциялар жағына қарай ауысады.
Мәселен, базалық мөлшерлеме Ұлттық Банктің ақша нарығындағы бір күндік операциялар бойынша нысаналы мөлшерлемесі немесе басқаша айтқанда, нарықтық мөлшерлемелер үшін Ұлттық Банк инфляция бойынша мақсатына жететін бағдар болып табылады. Базалық мөлшерлеменің өзгеруі экономикадағы теңге қаражатының құнына және салдары ретінде инфляцияға ықпал етеді. Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылдау кезінде инфляция және халықтың инфляциялық күтулер бойынша нақты және болжамдық көрсеткіштер ескеріледі, сыртқы және ішкі нарықтардағы инфляциялық тәуекелдерге және қаржы жүйесінің тұрақтылық тәуекелдеріне әсер ететін трендтер қаралады.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі қазіргі кезде шығынды өтеу, жіберіп алынған пайданы есептеу үшін өсімпұлдар, айыппұлдар есептеу кезінде ғана пайдаланылады, бұл ретте осы функция оған бұрын да тән болды. Сондықтан оны Ұлттық Банктің белгілеуі тарихи дәстүрді көрсетеді.
Қандай сыртқы және ішкі факторлар кезінде девальвация қайталануы мүмкін?
Девальвация айырбастау бағамы ұзақ уақыт шамамен бір деңгейде тұрақты ұсталып тұратын белгіленген валюталық режімінде орын алады.
Девальвация айырбастау бағамы ұзақ уақыт шамамен бір деңгейде тұрақты ұсталып тұратын белгіленген валюталық режімінде орын алады. Девальвация айырбастау бағамының негізгі факторлардың өзгерісіне ден қоймауы нәтижесінде жинақталған экономикадағы теңгерімсіздіктерді бір кезде жоюға мүмкіндік береді. Еркін өзгермелі режім кезінде сыртқы күйзелістер жоғарыда аталған теңгерімсіздіктерді жинақтамай, айырбастау бағамы өзгеруімен бірден реттеледі. Айырбастау бағамының барынша қалыпты, шамасы аздаған болатын нығаю жағына сияқты әлсіреу жағына да құбылмалығы қалыпты жағдай болып табылады.
Инфляцияның түрлі (айлық, жыл басынан бергі, жылдық орташа жылдық) көрсеткіштері арасындағы айырмашылық қандай?
Айлық инфляция баға деңгейінің бір ай ішінде өзгеруі (өткен айға қарағанда есепті айда).
Айлық инфляция баға деңгейінің бір ай ішінде өзгеруі (өткен айға қарағанда есепті айда).
Тоқсандық инфляция баға деңгейінің күнтізбелік үш ай ішіндеөзгеруі.
Жыл басынан бергі инфляция жыл басынан бастап өткен айлар ішінде баға деңгейінің өзгеруі (есепті айдағы баға деңгейінің өткен жылғы желтоқсандағы баға деңгейіне қатынасы).
Жылдық инфляция баға деңгейінің соңғы 12 айда өзгеруі (есепті айдағы баға деңгейінің өткен жылдың осындай айындағы баға деңгейіне қатынасы)
Орташа жылдық инфляция – 12 айлық кезең ішінде бағаның орташа= деңгейінің алдыңғы 12 айлық кезеңдегі бағаның орташа деңгейіне қатынасы бойынша өзгеруі.
Мысалы:
2016 жылғы қыркүйекте айлық инфляция 0,2% (2016 жылғы тамызға қыркүйекте) болды. Тоқсандық инфляция 2016 жылғы үшінші тоқсанда 0,9% (шілде, тамыз, қыркүйек үшін инфляция) болды.
2016 жылғы қыркүйекте жыл басынан бергі инфляция 5,6% (9 айдағы инфляция – қаңтардан қыркүйек аралығы) болды.
Жылдық инфляция 2016 жылғы қыркүйекте 16,6% болды. Бұл көрсеткіш 12 айлық кезеңдегі өзгерісті көрсетеді (2015 жылғы қазан – 2016 жылғы қыркүйек).
Орташа жылдық инфляция 2016 жылғы қыркүйекте 15,2% (2015 қазан – 2016 қыркүйек аралығындағы кезең үшін 2014 қазан - 2015 қыркүйек аралығындағы кезеңге инфляция) болды, демек есепке айлық инфляцияның 24 мәні алынады.
Қазақстанда инфляция қалай өлшенеді?
Қазақстанда инфляция тұтыну бағаларының индексімен (бұдан әрі ТБИ) өлшенеді.
Қазақстанда инфляция тұтыну бағаларының индексімен (бұдан әрі ТБИ) өлшенеді. ТБИ-ды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті есептейді.
ТБИ халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген қоржыны бағасының орташа деңгейінің уақыт аралығындағы өзгеруін көрсетеді. Инфляцияны есептеу үшін Қазақстанның тұтыну қоржыны үй шаруашылықтары шығыстарының құрылымын көрсетеді және халықтың тұтынуында айтарлықтай үлес салмағы бар тауарлар мен қызметтерді қамтиды.
Ұлттық Банк инфляция деңгейін болжамдау кезінде қандай факторларды ескереді?
Инфляция деңгейін болжамдау кезінде көптеген факторлар есепке алынады, олар болжамдау моделіне, болжамдау техникасына және т.
Инфляция деңгейін болжамдау кезінде көптеген факторлар есепке алынады, олар болжамдау моделіне, болжамдау техникасына және т.б. байланысты өзгеріп отырады.
Ішкі макроэкономикалық өлшемдер арасында ІЖӨ-ді, халықтың кірістерін, мемлекеттік шығыстарды, еңбек өнімділігін, өнеркәсіп өндірісіндегі, ауылшаруашылығындағы бағаны және басқаларын, сыртқы факторлар арасында мұнайдың, азық-түліктің әлемдік бағасы, Қазақстанның сауда әріптестері елдеріндегі ахуалды (инфляция, айырбастау бағамы) бөліп көрсетуге болады.
Ұлттық Банкте тағылымдамадан қалай өтуге болады?
Ұлттық Банктің бөлімшелерінде жеке тұлғаларға арналған тағылымдамадан өту Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген.
Ұлттық Банктің бөлімшелерінде жеке тұлғаларға арналған тағылымдамадан өту Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген.
Қаржылық (материалдық) көмек көрсетуіңізді сұраймын
Ұлттық Банк мемлекеттік мекеме болып табылады және қаржылық (материалдық) көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқ.
Ұлттық Банк мемлекеттік мекеме болып табылады және қаржылық (материалдық) көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқ.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қалай жұмысқа тұруға болады?
Жауап: Ұлттық Банк мемлекеттік орган болып табылады және Ұлттық Банкке жұмысқа қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады және Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларымен реттеледі.
Жауап: Ұлттық Банк мемлекеттік орган болып табылады және Ұлттық Банкке жұмысқа қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады және Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларымен реттеледі. Қызметшінің бос лауазымы болған кезде Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс туралы хабарландыру орналастырылады (жарияланады).
Ұлттық Банктің қызметшісі бос лауазымының болуы туралы ақпарат орналастырылған кезде барлық қатысқысы келетіндердің конкурсқа қатысуға және Ұлттық Банктің ресми сайтында орналастырылған «Резюменің» электрондық нұсқасын толтыруға құқығы бар.
Конкурсқа қатысқысы келетін адамдар кадр қызметіне мынадай құжаттарды тапсырады:
- түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білім, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);
- Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш. Конкурсқа қатысушы Ұлттық Банк қызметшісінің үштен аспайтын бос лауазымына өтініш беруге құқылы;
- Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;
- білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
- нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- 3х4 өлшемді 1 (бір) фотосурет;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар олардың біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) болса, оны ұсынады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарландыру орналастырылған (жарияланған) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылданады.
Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына орналасу үшін конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды жұмысқа ресімдеу «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктермен Қазақстан Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.