Сұрақтар 1033 сұрақ
Айналымнан шыққан 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастап алуға бола ма?
Айналымнан алынған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің кез келген филиалынан еш кедергісіз қолданыстағы ақшаға айырбастап алуға болады.
Айналымнан алынған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің кез келген филиалынан еш кедергісіз қолданыстағы ақшаға айырбастап алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 12 маусымынан бастап 2006 жылы және одан кейінгі жылдары шыққан банкноттарды мерзімсіз айырбастап алуға болады. Біздің филиалдардың мекен-жайы мен байланыс деректері ҚҰБ сайтында жазылған.
Шын банкнотты жалған ақшадан қалай ажыратуға болады?
Шын банкнотты жалған ақшадан ажырату үшін түпнұсқадағы бірнеше белгіні білу жеткілікті.
Шын банкнотты жалған ақшадан ажырату үшін түпнұсқадағы бірнеше белгіні білу жеткілікті. Еліміздегі жалған банкноттардың негізгі бөлігі түпнұсқаның кейбір белгілерін ғана имитациялайтын жеңілдетілген технологиямен шығарылады. Қолдан жасалған мұндай банкнотты арнайы жабдықтың көмегінсіз-ақ «сезін – қара – аударып көр» әдісін қолдану арқылы анықтауға болады.
Алдымен банкнотты ұстап сезіну қажет.
Банкнот қағазы ерекше шытырлайды. Барлық банкнотта бедер беретін арнайы мөр басылған. Егер «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген атауды немесе Қазақстан картасындағы архитектуралық бейнелерді саусақпен ұстап көрсе, бедерді сезуге болады.
.jpg)
Сонымен қатар, барлық банкнотта көзі нашар көретін адамдарға арналған белгілер бар, олар банкноттың төменгі бөлігінде орналасқан. Бұлар – ұстап көргенде жақсы ажыратуға болатын жоғары бедерлі элементтер.
Екіншіден, банкнотты мұқият қараған жөн.
Бастапқыда ақша белгісінің таза, айқын, контрастты немесе лас болуын, дақтарының болуын жалпы көзбен көріп зерделеу қажет. Банкнотты жарыққа қаратып, аңыздағы самұрық құсы түріндегі су белгісін және номиналдың сандық бейнесін көруге болады.
.jpg)
Дәл осы сияқты, жазулары бар нүктелік сызықтар түрінде қағаз бетінде пайда болатын магнитті (металдандырылған) үзік жіпті тексеру қажет. Ол біртұтас болуы керек.
.jpg)
Үшіншіден, банкнотты аударып көру керек.
1000 теңгеден 20 000 теңгеге дейінгі банкноттарда көлбеу бұрышына қарай түсін жасылдан алтын түске дейін өзгертетін ерекше элемент бар. Банкнотты әр түрлі бұрыштарға баяу бұрған кезде элемент бойымен түсті жолақтың қозғалысын көруге болады.
.jpg)
.jpg)
2000 және 5000 теңгелік банкноттардың сырт жағында голографиялық жолақ бар. Голограммадағы суреттер жарқырайды және динамикалық әсері бар.
.jpg)
Бұл үш әдіс сізге банкноттың шынайылығын арнайы жабдықсыз анықтауға көмектеседі.
Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары (терминалдар, банкоматтар) арқылы 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттармен операция жасауға (шотты толтыру, төлем жасау) бола ма?
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігі олардың Қазақстан Республикасында заңды төлем құралы ретінде пайдаланылу қабілеті болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігі олардың Қазақстан Республикасында заңды төлем құралы ретінде пайдаланылу қабілеті болып табылады.
Қатар айналыста болатын кезеңнің аяқталуына байланысты 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болуын тоқтатты.
Осылайша, екінші деңгейдегі банктердің және Ұлттық пошта операторының («Қазпочта» АҚ) өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары заңды төлем құралы болу күшін жоғалтқан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдамауға тиіс.
Егер екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы («Қазпочта» АҚ) 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан және айырбастаудан бас тартса, не істеу керек?
Егер екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық пошта операторы («Қазпочта» АҚ) 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан және ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастаудан бас тартса, бұдан былайғы мән-жайларды анықтау және тиісті шараларды қолдану үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет.
Егер екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық пошта операторы («Қазпочта» АҚ) 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан және ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастаудан бас тартса, бұдан былайғы мән-жайларды анықтау және тиісті шараларды қолдану үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет. Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының мекенжайлары және байланыс телефондары туралы ақпаратты Ұлттық Банктің сайтынан табуға болады (https://nationalbank.kz/kz/page/territorialnye-filialy)
2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қайдан айырбастауға болады?
2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында («Қазпочта» АҚ) және Ұлттық Банктің филиалдарында айырбастауға болады.
2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында («Қазпочта» АҚ) және Ұлттық Банктің филиалдарында айырбастауға болады.
Екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық пошта операторы («Қазпочта» АҚ) 2021 жылғы 10 маусымға дейін (қоса алғанда), Ұлттық Банктің филиалдары 2024 жылғы 10 маусымға дейін (қоса алғанда) осы банкноттарды қабылдайды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастайды.
Ұлттық валюта айырбастауды қайда жүзеге асыруға болады?
Ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары шектеусіз барлық екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық почта операторында ("Қазпошта" АҚ) және Ұлттық Банктің филиалдарында айырбасталады.
Ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары шектеусіз барлық екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық почта операторында ("Қазпошта" АҚ) және Ұлттық Банктің филиалдарында айырбасталады. Қолма-қол ақшаны айырбастау операциялары үшін комиссияның ең төменгі сомасы мен мөлшерін екінші деңгейдегі банктер дербес белгілейді.
Ұлттық Банктің филиалдарында банкноттар мен монеталарды айырбастау және ұсақтау қандай да бір номиналдың бар болуына қарай тегін жүзеге асырылады және арнайы өтініштерді талап етпейді.
Ұлттық банк филиалдарының мекен-жайлары және байланыс телефондары туралы ақпаратты Ұлттық Банк сайтынан табуға болады (https://nationalbank.kz/?docid=181&switch=kazakh).
2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкноттардың айырбастау кезеңі
2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 250 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 285 қаулысына сәйкес номиналы 1000 теңгелік банкноттар 2017 жылғы 1 наурыздан бастап төлем құралы болуын тоқтатты.
2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 250 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 285 қаулысына сәйкес номиналы 1000 теңгелік банкноттар 2017 жылғы 1 наурыздан бастап төлем құралы болуын тоқтатты. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2021 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбасталады
2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттардың айырбастау кезеңі
«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 210 қаулысына сәйкес 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар 2016 жылғы 4 қазаннан бастап ақша айналысынан алынды.
«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 210 қаулысына сәйкес 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар 2016 жылғы 4 қазаннан бастап ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2020 жылғы 3 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбасталды.
Ұлттық валютаны қабылдаудан, айырудан және айырбастаудан бас тартқан жағдайда не істеу керек?
Заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдау, ұсақтау және айырбастаудан бас тартқан жағдайда, Сіз жақын орналасқан Ұлттық Банктің филиалына одан әрі мән-жайларын анықтау және тиісті шараларды қолдану үшін хабарласа аласыз.
Заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдау, ұсақтау және айырбастаудан бас тартқан жағдайда, Сіз жақын орналасқан Ұлттық Банктің филиалына одан әрі мән-жайларын анықтау және тиісті шараларды қолдану үшін хабарласа аласыз. Ұлттық банк филиалдарының мекен-жайлары және байланыс телефондары туралы ақпаратты Ұлттық Банк сайтынан табуға болады (https://nationalbank.kz/?docid=181&switch=kazakh).
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 206 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту – ескерту жасауға әкеп соғады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 5-25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Банктердің, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген және барлық төлем түрлері бойынша қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы – 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР бүлінген, тозған, күмәнді, айналыстан алынған банкноттарды қайда және қалай айырбастауға болады?
Егер банкнот Ұлттық Банк белгілеген банкноттар мөлшерінің кемінде 70% - ын (жетпіс пайызын) сақтаса және олардың номиналын білдіретін және шамалы ақаулары бар (егер олар банкноттардың түпнұсқалығын анықтауға кедергі келтірмесе), оның ішінде тозған белгілері (жазбаша немесе цифрлық) болса, онда бүлінген банкнот кез келген екінші деңгейдегі банкте айналысқа жарамды банкнотқа сөзсіз айырбасталуға жатады.
Егер банкнот Ұлттық Банк белгілеген банкноттар мөлшерінің кемінде 70% - ын (жетпіс пайызын) сақтаса және олардың номиналын білдіретін және шамалы ақаулары бар (егер олар банкноттардың түпнұсқалығын анықтауға кедергі келтірмесе), оның ішінде тозған белгілері (жазбаша немесе цифрлық) болса, онда бүлінген банкнот кез келген екінші деңгейдегі банкте айналысқа жарамды банкнотқа сөзсіз айырбасталуға жатады. Айналыстан алынып тасталған банкноттар Ұлттық Банктің филиалдарында айырбасталады.
Күмәнді банкноттарға Ұлттық Банк белгілеген банкнот көлемдерінің 50%-ынан (елу пайызынан) астамын сақтаған, бүлінген, банкноттардың түпнұсқалығын айқындауды қиындататын банкноттар түпнұсқалығын айқындауды қиындататын болып табылады.
Күмәнді банкноттар уәкілетті банктер қабылдайды және олардың түпнұсқалығын және айырбастау мүмкіндігін айқындау үшін сараптамаға Ұлттық Банктің филиалдарына жібереді.
Сараптама түпнұсқа деп таныған банкноттар айналысқа жарамды банкноттар мен монеталарға айырбасталуы тиіс және айырбастау үшін қосымша ақы алынбайды.