1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сұрақтар 412 сұрақ

Қазақстанда инфляция қалай өлшенеді?

Санат: Ақша-кредит саясаты

Қазақстанда инфляция тұтыну бағаларының индексімен (бұдан әрі ТБИ) өлшенеді. ТБИ-ды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика  министрлігінің Статистика комитеті есептейді.

ТБИ халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген қоржыны бағасының орташа деңгейінің уақыт аралығындағы өзгеруін көрсетеді. Инфляцияны есептеу  үшін Қазақстанның тұтыну қоржыны үй шаруашылықтары шығыстарының құрылымын көрсетеді және халықтың тұтынуында айтарлықтай үлес салмағы бар тауарлар мен қызметтерді қамтиды.

Ұлттық Банк инфляция деңгейін болжамдау кезінде қандай факторларды ескереді?

Санат: Ақша-кредит саясаты

Инфляция деңгейін болжамдау кезінде көптеген факторлар есепке алынады, олар болжамдау моделіне, болжамдау техникасына және т.б. байланысты өзгеріп отырады.

Ішкі макроэкономикалық өлшемдер арасында ІЖӨ-ді, халықтың кірістерін, мемлекеттік шығыстарды, еңбек өнімділігін, өнеркәсіп өндірісіндегі, ауылшаруашылығындағы бағаны және басқаларын, сыртқы факторлар арасында мұнайдың, азық-түліктің әлемдік бағасы, Қазақстанның сауда әріптестері елдеріндегі ахуалды (инфляция, айырбастау бағамы) бөліп көрсетуге болады.

Ұлттық Банкте тағылымдамадан қалай өтуге болады?

Санат: Ұлттық Банк

Ұлттық Банктің бөлімшелерінде жеке тұлғаларға арналған тағылымдамадан өту Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген.

Қаржылық (материалдық) көмек көрсетуіңізді сұраймын

Санат: Ұлттық Банк

Ұлттық Банк мемлекеттік мекеме болып табылады және қаржылық (материалдық) көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқ.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қалай жұмысқа тұруға болады?

Санат: Ұлттық Банк

Жауап: Ұлттық Банк мемлекеттік орган болып табылады және Ұлттық Банкке жұмысқа қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады және Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларымен реттеледі. Қызметшінің бос лауазымы болған кезде Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс туралы хабарландыру орналастырылады (жарияланады).

Ұлттық Банктің қызметшісі бос лауазымының болуы туралы ақпарат орналастырылған кезде барлық қатысқысы келетіндердің конкурсқа қатысуға және Ұлттық Банктің ресми сайтында орналастырылған «Резюменің» электрондық нұсқасын толтыруға құқығы бар.

Конкурсқа қатысқысы келетін адамдар кадр қызметіне мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білім, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);
  2. Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш. Конкурсқа қатысушы Ұлттық Банк қызметшісінің үштен аспайтын бос лауазымына өтініш беруге құқылы;
  3. Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;
  4. білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
  5. нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  6. 3х4 өлшемді 1 (бір) фотосурет;
  7. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар олардың біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) болса, оны ұсынады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарландыру орналастырылған (жарияланған) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылданады.

Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына орналасу үшін конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды жұмысқа ресімдеу «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктермен Қазақстан  Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Ұлттық Банктің «RSS-Валюталар бағамдарын тарату» сайтына қалай қосылуға болады?

Санат: Ұлттық Банк

Сіздің RSS-клиентіңіздің мынадай сілтемесін ретке келтіріңіз:

http://www.nationalbank.kz/rss/rates_all.xml

Ұлттық Банктің «RSS-Жаңалықтар» сайтының қызметіне қалай қосылуға болады?

Санат: Ұлттық Банк

Сіздің  RSS-клиентіңіздің мынадай сілтемелерін ретке келтіріңіз:

http://www.nationalbank.kz/rss_news_kazakh.xml - қазақ тіліндегі жаңалықтар үшін

http://www.nationalbank.kz/rss_news_russian.xml - орыс тіліндегі жаңалықтар үшін

http://www.nationalbank.kz/rss_news_english.xml - ағылшын тіліндегі жаңалықтар үшін

Сайтта валюталардың негізгі бағамдарының информерін қалай орналастыруға болады?

Санат: Ұлттық Банк

Ұлттық Банктің сайтында «gif» форматындағы информер түрінде бағамның төмендеу немесе көтерілу индикаторларымен валюталардың негізгі бағамдарын ұсынудың сервисі ашық.

Информердің тұрақты мекенжайы: www.nationalbank.kz/rss/nb.gif

Маған теңгенің айырбас бағамы және ресми қайта қаржыландыру ставкасы бойынша Ұлттық Банктің ресми растамасы қажет. Ресми анықтаманы алу үшін қайда баруым керек?

Санат: Ұлттық Банк

Жауап: Ресми анықтама алу үшін мекен жайыңыз бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына өтініш өткізуіңіз керек.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары

Біздің компания оқуды ұйымдастыру саласында жұмыс істейді, және біз Ұлттық Банк қызметкерлерін оқыту бойынша ынтымақтастық ұсынамыз

Санат: Ұлттық Банк

Ұлттық Банк нарықты талдау негізінде сатып алу өткізу арқылы қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады. Сіздің компанияңыз өткізетін оқыту бағдарламаларының тізбесін келесі электронды поштаға жіберуге болады: personal@nationalbank.kz, факс арқылы (727) 2704-615 немесе: 050040, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй мекенжайына жіберу.

Жоғарыға