1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сұрақтар 420 сұрақ

Қазақстан банктері алаяқтықпен күрестің қандай әдістерін қолдануда және төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын алаяқтықтың қандай түрлері Қазақстанда көбірек таралған?

Санат: Төлем жүйелері

Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын алаяқтық тәуекелін төмендету мақсатында қазақстандық банктер бірқатар іс-шаралар жүргізуде, олардың ішіндегі ең белгілілері:

  1. дұрыс емес енгізілген PIN-кодтың шектеулі санынан кейін карточканы оқшаулау;
  2. банк шоты бойынша шығыс операцияларының лимитін белгілеу;
  3. карточка ұстаушыларды банк шоты бойынша қаражаттың қозғалысы туралы SMS-хабарлау қызметіне қосылу туралы хабардар ету;
  4. сайттарға ақпарат орналастыру, буклеттерді тарату және т.б. арқылы клиенттерге алаяқтықтың түрлері мен тәсілдері туралы ақпарат беру;
  5. банкоматтарға бейнебақылау жүйелерін орнату.

Жоғарыда атап көрсетілген әдістерден басқа, эмитент банктер карточкалық операциялардың мониторингін жүргізеді, және күмәнді транзакцияларды анықтаған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.

Қазақстан эмитенттерінің карточкаларын пайдалана отырып жасалған алаяқтық транзакциялардың басым бөлігі шетелде орын алатындықтан банктер өздері үшін «тәуекелді» деп аталатын елдердің (негізінен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы) тізімін қалыптастырады. Осы елдердің төлем карточкаларын ұстаушылар операциялар жасаған кезде банктер банк шоттары бойынша шығыс операцияларына күшейтілген мониторинг жүргізеді, сондай-ақ төлем карточкаларын кейіннен қайта шығаруға дейін қауіпсіздіктің қосымша шаралары қабылданады.

Қазақстанда негізінен қолдан жасалған немесе ұрланған төлем карточкаларын, сондай-ақ төлем карточкаларының магниттік жолақтарынан ақпарат алу үшін пайдаланылатын скиммингтік құрылғыларды пайдалану арқылы алаяқтық операциялардың фактілері кездеседі.

Төлем карточкасы жоғалған немесе ұрланған кезде не істеу қажет?

Санат: Төлем жүйелері

Карточканы ұстаушы, ең алдымен, эмитент банкпен байланысатын телефон нөмірін жазып алғаны (ұялы телефондағы хабарласатындар тізіміне енгізу) немесе есте сақтағаны дұрыс. Бұл нөмір төлем карточкасының сырт жағында көрсетіледі.

Төлем карточкасы жоғалған, ұрланған, ақшаның қате алынғаны немесе банк шотына қате есептелгені анықталған, санкцияланбаған төлем жасалған жағдайда жоғарыда көрсетілген нөмір бойынша тез арада хабарласу және төлем карточкасын оқшаулау қажет. Бұл ретте осы операцияны жүргізу үшін Сіздің төлем карточкасын шығаруға өтініш берген кезде көрсеткен код сөзін есте сақтауыңыз қажет.

Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартса не істеу керек?

Санат: Төлем жүйелері

Сауда операцияларын жүзеге асырған кезде төлем карточкаларын қабылдауға міндетті дара кәсіпкер немесе заңды тұлға төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдаудан бас тартқан жағдайда, жеке тұлға аталған мәселелерді қарау және, қажеттілігіне қарай, әкімшілік істі қозғау құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне өтініш жасауға құқылы.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 194-бабына сәйкес сауда қызметін жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның оларды төлем карточкаларын пайдалана отырып, қабылдаудан бас тартуы үшін дара кәсіпкерлерге – жиырма және заңды тұлғаларға – отыздан елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Төлем жүйелерінің тізіліміне енгізу үшін төлем жүйелерінің операторлары Ұлттық Банкке қандай құжаттар ұсынуы қажет?

Санат: Төлем жүйелері

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, төлем жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесі жұмыс істей бастаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мынадай құжаттарды:

  1. төлем жүйесі операторының орналасқан жері туралы мәліметтерді;
  2. атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді;
  3. осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттар орналастырылған, төлем жүйесінің операторы интернет-ресурсының домендік аты туралы мәліметтерді;
  4. төлем жүйесі операторының капиталында он пайыздан көп үлесі (акциясы) бар төлем жүйесі операторының құрылтайшылары (акционерлері) туралы мәліметтерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесінің құрылғаны немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны туралы хабарлайды.

Көрсетілген мәліметтердің нысандары, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі «Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы       № 221 қаулысында (қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуде жатыр) айқындалған.    

Бұл ретте төлем жүйесі операторының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерге төлем жүйесі операторының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) жеке басын куәландыратын құжаттың/құжаттардың көшірмесі/көшірмелері қоса берілуге тиіс.  

Төлем жүйелерінің тізіліміне енгізу үшін төлем жүйелерінің операторлары Ұлттық Банкке қандай құжаттар ұсынуы қажет?

Санат: Төлем жүйелері

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, төлем жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесі жұмыс істей бастаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мынадай құжаттарды:

  1. төлем жүйесі операторының орналасқан жері туралы мәліметтерді;
  2. атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді;
  3. осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттар орналастырылған, төлем жүйесінің операторы интернет-ресурсының домендік аты туралы мәліметтерді;
  4. төлем жүйесі операторының капиталында он пайыздан көп үлесі (акциясы) бар төлем жүйесі операторының құрылтайшылары (акционерлері) туралы мәліметтерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесінің құрылғаны немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны туралы хабарлайды.

Көрсетілген мәліметтердің нысандары, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі «Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы       № 221 қаулысында (қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуде жатыр) айқындалған.    

Бұл ретте төлем жүйесі операторының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерге төлем жүйесі операторының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) жеке басын куәландыратын құжаттың/құжаттардың көшірмесі/көшірмелері қоса берілуге тиіс.  

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қолданыстағы шарттар/«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған шарттар бойынша төлем жүйелеріне қатысуы туралы ақпаратты Ұлттық Банкке ұсынуы қажет пе?

Санат: Төлем жүйелері

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 59-бабының 3-тармағына сәйкес Заңның 5-бабының 6-тармағында көзделген талаптар Заң қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылады. Заңның 5-бабының 6-тармағы банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйесіне қатысу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынатындығы жөніндегі норманы айқындайды.

Соған байланысты төлем жүйелеріне, оның ішінде шетелдік төлем жүйелеріне қатысу туралы қолданыстағы шарттары (Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған) бар банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлем жүйесіне қатысуды жүзеге асыруға негіз болатын шарттың (шарттардың) көшірмесімен (көшірмелерімен) бірге Ұлттық Банкке тиісті ақпарат жіберуге тиіс.

Ақпаратты беру тәртібі мен нысаны «Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 221 қаулысында (қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуде жатыр) көзделген.

Төлем жүйесінің қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар, жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйелерінің операторлары үшін тарифтердің (қызметтер құнының) өзгергендігі туралы мәліметтерді Ұлттық Банкке ұсынудың қандай мерзімдері белгіленген?

Санат: Төлем жүйелері

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында жүйелік маңызы бар төлем жүйесінің не маңызды төлем жүйесінің операторы төлем жүйесінің жұмыс істеу процесінде Ұлттық Банкке:

  1. төлем жүйесінің қағидаларына бекітілген өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өзгерістер мен толықтырулар туралы;
  2. төлем жүйесі операторы тарифтерінің (көрсетілетін қызметтер құнының) өзгеруі қолданысқа енгізілген күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынатындығы көзделген.

Көрсетілген мәліметтерді ұсыну хабардар ету сипатында (қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарапынан белгілі бір ұсынымдар берілуі мүмкін).

Электрондық ақша жүйелерінің операторлары (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдары болып табылмайтын) төлем жүйелерінің операторларына не төлем ұйымдарына жата ма?

Санат: Төлем жүйелері

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 70) тармақшасына сәйкес электрондық ақшаны пайдалана отырып, операцияларды жүзеге асыру кезінде қалыптастырылатын ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді қоса алғанда, электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған шартқа сәйкес электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын айқындайтын банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем ұйымы электрондық ақша жүйесінің операторы болып табылады.

Бұл ретте Заңның 1-бабының 45) және 46) тармақшаларына сәйкес төлем жүйесі – төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруды төлем жүйесі операторының және (немесе) төлем жүйесіне қатысушылардың рәсімдерді, инфрақұрылымды және осы төлем жүйесінің операторы белгілеген қағидаларды қолдану арқылы өзара іс-қимыл жасау жолымен қамтамасыз етілетін қатынастардың жиынтығы. Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлем жүйесіне қатысушылар болып табылады.

Төлем ұйымдары электрондық ақшаны сату (тарату) жөніндегі төлем қызметтерін, электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау және өңдеу жөніндегі қызметтерді де көрсетеді.

Соған байланысты электрондық ақша жүйелерінің операторлары (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын) төлем ұйымдарына жатады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өтуге тиіс.

Маңызды төлем жүйелеріне жатқызылған шетелдік төлем жүйелерінің операторлары тиісті есептілікті Ұлттық Банкке қалай ұсынады?

Санат: Төлем жүйелері

«Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 224 қаулысында (қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуде жатыр) Қазақстан Республикасының аумағында  жұмыс істейтін  шетелдік  төлем  жүйесі арқылы жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының аумағында құрылған маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының не Ұлттық Банкке мәліметтер беру жөніндегі өкілеттіктер өкілдікке берілген жағдайда төлем жүйесі операторының өкілдігінің ұсыну мүмкіндігі көзделген.

Жеке тұлға қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, жеке тұлғаға немесе дара кәсіпкерге ашылған банк шотына ұсынылатын үшінші жақ талаптарының орындалуы

Санат: Төлем жүйелері

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 40-бабына сәйкес дара кәсiпкерлер өз мiндеттемелерi бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алу қолданылмайтын мүлiктi қоспағанда, өздерiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады. Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алу қолданылмайтын мүлiктi қоспағанда, өзiнің барлық мүлкiмен, оның iшiнде ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгiндегi үлесiмен жауапты болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы №208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидасының 124-тармағында жеке тұлғаға немесе дара кәсіпкерге ашылған банктік шотқа ұсынылған төлем талабы сол тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және ЖСН сәйкес келген кезде оның банктік шоттарынан орындалатыны ескерілген.

Төлем талабын орындаудың мұндай тәртібін банк төлем құжатында көрсетілген жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген ақша жөнелтуші - жеке тұлғаның және атына банктік шот ашылған жеке тұлғаның (және керісінше) тегі, аты, әкесінің аты және ЖСН сәйкес келген кезде қолдануы мүмкін.

№208 қағиданың 124-тармағы банктік шоттарынан төлем талабын орындау тәртібі бойынша жалпы норманы қамтиды. Демек, жеке тұлғаның ағымдағы шотына ұсынылған төлем талаптарын оның дара кәсіпкер ретінде ашылған банктік шотынан орындау рұқсат етіледі. Осыған орай, төлем талабын жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаға және дара кәсіпкерге ашылған ағымдағы шотқа ұсынған кезде төлем талабы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және оның ЖСН сәйкес келген кезде оған ашылған банктік шоттардан (ағымдағы, жинақ) орындалады.

Бұл жағдайда қарыз шарты бойынша жеке тұлғаның ағымдағы шотына ұсынылған төлем талабы №208 қағиданың 137-тармағына сәйкес жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаға ашылған ағымдағы шоттағы ақша сомасының және (немесе) содан кейін түсетін әр ақша сомасының елу пайыз мөлшері шегінде орындалады. Осыған ұқсас, төлем талабы жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаның ағымдағы шотына мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін ұсынылған кезде ол жеке тұлғаның ағымдағы шотындағы/содан кейін түсетін ақша сомасының елу пайыз мөлшері шегінде №208 Қағиданың 124-тармағының талаптары сақталған кезде орындалады.

Жоғарыға