1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сұрақтар 364 сұрақ

Валюта бағамы бойынша ресми анықтаманы (ақпаратты) қалай алуға болады?

Санат: Ақша-кредит саясаты

Валюта бағамы туралы ақпарат Ұлттық Банк сайтының «Ұлттық валюта – валюта бағамдары» бөлімінде қолжетімді. ҚҰБ порталында пайдаланушы таңдаған белгілі бір күнге валюта бағамдары бойынша ақпаратты бланктегі ресми анықтама форматында («Электрондық анықтамалар» бөлімі) жүктеу мүмкіндігі көзделген.

Айналыстан шыққан ескі үлгідегі теңге банкноттарын қалай ауыстыруға болады?

Санат: Ұлттық валюта

Айналыстан шыққан 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында шектеусіз айырбастауға болады. 2006 жылдан ерте шығарылған банкноттар айырбастауға жатпайды.

Ұлттық Банкте валютаны (АҚШ долларын, евроны, Ресей рублін, Беларусь рублін, түрік лирасын, Қытай юанын, фунт стерлингті, Канада долларын және басқаларын) айырбастауға бола ма?

Ұлттық Банк жеке және заңды тұлғаларға қолма-қол шетел валютасын сатып алуды және сатуды жүзеге асырмайды. Қолма-қол шетел валютасын тек банктерде немесе банктік емес айырбастау пункттерінде ғана айырбастауға болады.

Қазақстанда шетел валютасын (АҚШ долларын, евроны, Ресей рублін, Беларусь рублін, түрік лирасын, Қытай юанын, фунт стерлингті, Канада долларын және басқаларын) қай жерде айырбастауға болады?

Санат: Валюталық операциялар

ҚР-дағы жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату жөніндегі операцияларды тек банктер және банктік емес айырбастау пункттері жүргізеді. Жұмыс істеп тұрған банктік емес айырбастау пункттерінің мекенжайлары бойынша ақпарат Ұлттық Банктің ресми сайтында «Қызметтерді тұтынушыларға – Қаржы ұйымдары бойынша ақпарат – Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі – Рұқсаттар – Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма - қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензиясы» бөлімінде қолжетімді.

Өздерін Ұлттық Банктің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері деп таныстыратын белгісіз адамдар маған қоңырау шалады. Олар алаяқтарды ұстау үшін арнайы операция жүргізгені туралы хабарлайды. Менің банктік деректерімді ұсынуды және депозиттен аударым жасауды сұрайды. Оған қоса, кредиттік тарихыма, депозиттеріме, шоттарыма қатысты сұрақтар қояды.

Санат: Қаржы қызметтері

Бұл – кеңінен таралған алаяқтық схемасы.

Егер сізге алаяқтар қоңырау шалса, өзіңіздің шотыңыз, банктік деректемелеріңіз, депозиттеріңіз бен кредиттеріңіз, әсіресе кіріс SMS-хабарлардан алынған деректер және т.б. туралы ешқандай ақпарат бермеуіңізді сұраймыз. Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жүргізбейтінін, жеке тұлғаларға азаматтардың шоттарымен алаяқтық әрекеттер жасау, дербес деректерді заңсыз пайдалану және екінші деңгейдегі банктердегі кредиттерді ресімдеу әрекеттері жөнінде қоңырау шалмайтынын қосымша хабарлаймыз.  Ұлттық Банктегі шоттар тек Ұлттық Банктің, екінші деңгейдегі банктердің және заңды тұлғалардың шектеулі санының операцияларын есепке алу үшін ғана ашылады. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, мұндай жағдай туындаған кезде жедел іс-қимылдар мен тексеру жұмысын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тиісті өтінішпен жүгінуді ұсынамыз.

Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеме/ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы анықтаманы қайдан алуға болады?

Санат: Ақша-кредит саясаты

Базалық мөлшерлеме деңгейі, бұрын – ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі туралы анықтама ҚР Ұлттық Банкі порталының «Электрондық анықтамалар» бөлімінде дербес қалыптастыру үшін қолжетімді.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі» деген ұғым «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы
2 қаңтардағы ҚР Заңына сәйкес «базалық мөлшерлеме» деген ұғыммен ауыстырылғанына назар аударған жөн.

Беларусь рублін қайдан айырбастауға болады?

Санат: Ұлттық валюта

Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалар қолма-қол шетелдік валютаны басқа қолма-қол шетелдік валютаға тек уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың (банктік емес айырбастау пункттері) айрыбастау пункттерінен ғана сатып ала алады және (немесе) сата алады.

Айырбастау пунктері нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа қарай, айырбастау операцияларын жасау үшін қолма-қол шетелдік валютаның тізімін өздері белгілейді.

Осылайша, шетелдік валютаны айырбастау (соның ішінде, Беларусь рублін айырбастау) мәселесіне қатысты  сұрақпен Сіз айырбастау пунктіне жүгіне аласыз.

Банктік емес айырбастау пунктерінің мекен-жайын біздің сайтымыздан білуге болады.

Еуро монетасын (номиналы 2 евро) қайдан айырбастап алуға болады?

Санат: Ұлттық валюта

Еуро монетасын айырбастауға қатысты сұрақтың мән-жайын тікелей уәкілетті банк пен уәкілетті ұйымның (банктік емес айырбастау пункті) айырбастау пункттерінен білуге болады. Банктік емес айырбастау пункттерінің мекен-жайын  біздің сайтымыздан біле аласыз.

Айта кетейік, уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері шетелдік монеталарды (мемлекеттер тобының монеталарын), соның ішінде, еуро монеталарын сатып алу, сату және айырбастау мәселесіне қатысты шешімді өздері қабылдайды.

Ұлттық Банктен шетелдік валютаны айырбастап алуға бола ма?

Санат: Ұлттық валюта

Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалар қолма-қол шетелдік валютаны басқа қолма-қол шетелдік валютаға немесе қолма-қол ұлттық валютаға тек уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың (банктік емес айырбастау пункттері) айрыбастау пункттерінен ғана сатып ала алады және (немесе) сата алады.

Менде шетел валютасындағы мыжылған және жыртылған банкноттар бар. Осы банкноттарды қайда және қалай айырбастап ала аламын?

Санат: Ұлттық валюта

Егер қолма-қол ақшадағы шетелдік валютаның банкноты бүлінген болса (мыжылып, жыртылған болса) ол ақшаның айналымға қаншалықты жарамды-жарамсыз екенін анықтап алу керек.

Айналымға жарамсыз, соның ішінде, төлемге жарамсыз банкноттарды ауыстыру үшін (валютаны шығарған банк айналымнан алып тастаған банкноттар) тиісті шетелдік валютамен инкассалық операция жасайтын шетелдік банктермен корреспонденттік қарым-қатынас және (немесе) келісім орнатқан екінші деңгейлі банктерге бару керек.

Жоғарыға