1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

2026

14.08.2026

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚҰБ қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеу жүргізу үшін грант беруге арналған ізденушілер арасындағы конкурстық іріктеудің нәтижесі шыққанын хабарлайды. Конкурс 2026 жылғы наурызда «Қазақстан банк секторының рентабельділігі және қаржылық тұрақтылық: қалыптасу факторлары мен негізгі өзара байланыстарды талдау» тақырыбы бойынша жариянған болатын.

Конкурстық іріктеу кезінде 8 өтінім түсті.

Әрбір өтінімді екі тәуелсіз рецензент пен зерттеу тақырыбына бастамашы болған Ұлттық Банктің бөлімшесі қарады. Тәуелсіз рецензенттер ғылыми және аналитикалық жарияланымдары, ғылыми дәрежесі немесе зерттеу тақырыбында жұмыс тәжірибесі бар жоғары оқу орын оқытушылары мен зерттеушілерден тұрды.

Грант беру жөніндегі комиссия тәуелсіз рецензенттердің түйінін назарға ала отырып, өтінімдерді жан-жақты саралай келе «Тұран» университеті» мекемесі ізденушісінің өтінімін мақұлдау туралы шешім қабылдады.

Гранттарды беру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 Басқарма қаулысымен бекітілген қағидаларда белгіленгенін еске саламыз.

 

                 

13.03.2026

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы қазанда мынадай:

1) Қазақстанның банк секторының рентабельділігі және қаржылық тұрақтылық: қалыптасу факторлары және негізгі өзара байланыстарды талдау;

2) Үстеме бағалар, бәсекелестік және олардың Қазақстандағы инфляцияға әсері тақырыптары бойынша жариянған ҚҰБ қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу үшін гранттар беруге ізденушілерді конкурстық іріктеу нәтижелері туралы хабарлайды.

Конкурстық іріктеу барысында барлығы 11 өтінім келіп түсті.

Әрбір өтінімді екі тәуелсіз рецензент пен зерттеудің тиісті тақырыбына бастамашылық жасаған Ұлттық Банктің бөлімшесі қарады. Тәуелсіз рецензенттер ретінде ғылыми және талдамалық жарияланымдары, ғылыми дәрежесі немесе зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі бар жоғары оқу орындарының оқытушылары мен зерттеушілер болды.

Тәуелсіз рецензенттер мен ҚҰБ бөлімшелерінің қорытындыларын ескере отырып, өтінімдерді жан-жақты қарау нәтижелері бойынша гранттар беру жөніндегі комиссия «Nazarbayev University Research Administration» ЖМ ізденушісінің «Үстеме бағалар, бәсекелестік және олардың Қазақстандағы инфляцияға әсері» атты зерттеу тақырыбына № 2100 өтінімін мақұлдау туралы шешім қабылдады.

Гранттарды беру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 қаулысымен бекітілген қағидаларда белгіленгенін естеріңізге саламыз.

15.13 Кб
Жарияланған күні:
27.76 Кб
Жарияланған күні:
24.67 Кб
Жарияланған күні:
21.89 Кб
Жарияланған күні:
13.52 Кб
Жарияланған күні:
41.7 Кб
Жарияланған күні:
17.43 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға