1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк зерттеу гранттарына конкурс жариялайды

Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеу жұмыстарына грант ұсыну үшін ізденушілерді конкурстық іріктеуден өткізетінін хабарлайды.

Конкурстық іріктеуге:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу қызметіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы деректерді жинау, сақтау және (немесе) өңдеу қызметіне байланысты мақсатқа, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын;

2) таратылу шағында немесе банкроттық процесте жоқ заңды тұлғалар (бұдан әрі – ізденуші) жіберіледі.

Ізденушілерді конкурстық іріктеу:

1) Қазақстанның банк секторының рентабельділігі және қаржылық тұрақтылық: қалыптасу факторлары және негізгі өзара байланыстарды талдау;

2) Үстеме бағалар, бәсекелестік және олардың Қазақстандағы инфляцияға әсері деген тақырыптарда өтеді.

Ұлттық Банк өтінімдерді қарап болған соң зерттеу тақырыбына қарай біреуден артық грант беруге немесе бермеуге құқылы.

Конкурстық құжаттамада хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыбы, зерттеулерге қойылатын талаптар, ізденушілерді іріктеу шарттары, Ұлттық Банкте қызмет ететін жауапты тұлғалардың байланыс деректері берілген.

Ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған ізденушілердің өтінімі Ұлттық Банкке ҚҰБ порталы арқылы электрондық түрде беріледі.

Өтінім қабылдау басталатын күн – 2025 жылғы 24 қазан.

Өтінім ұсынудың соңғы мерзімі – 2025 жылғы 7 желтоқсан.

Конкурсқа қатысты сұрақ туындаған жағдайда, мына электрондық мекенжайларға хабарласуға болады: esaphieva@nationalbank.kz, Kamilla.J@nationalbank.kz.

Гранттарды беру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 Басқарма қаулысымен бекітілген қағидаларда белгіленгенін еске саламыз.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға