1977 жылы 6 маусымда Алматы қаласында туған.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдап, заңгер біліктілігін алды.
Nazarbayev University-де Executive Master of Business Administration дәрежесін алған.
Д.В. Вагапов өзінің еңбек жолын 1999 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің жетекші маманы болып бастаған.
1999-2000 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Заң департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2000-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің бөлімін басқарды.
2001-2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінде консультант қызметін атқарды.
2002-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің азаматтық және шаруашылық заңнама секторында меңгеруші болды.
2003-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры қызметін атқарды.
2006-2007 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Өкілдігі Басшысының орынбасары болды.
2008 жылдан 2013 жылғы қыркүйекке дейін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары және Заң басқармасының бастығы қызметін атқарды.
2013 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
2014 жылғы тамыздан 2018 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.
2018 жылғы мамырдан 2020 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінде меңгеруші болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 26 маусымдағы Өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
«Құрмет» Орденімен, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.