1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№19 баспасөз релизі. Ұлттық Банк JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі номиналы 100 теңгелік JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Монеталардың қай күні сатылымға түсетіні туралы қосымша ақпарат ҚҰБ ресми сайтында жарияланады.

JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары туралы  

2021 жылы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толды. Оның шығармашылығы халық поэзиясы тарихында ерекше орын алады.

JAMBYL. 175 JYL монеталарының сипаттамасы:

Монетаның аверсінде орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан. Жиегінде айналдыра – QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деп жазылған. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «100 TEŃGE» жазуы бар.

Монетаның реверсінде Жамбыл Жабаевтың портреттік бейнесі, орталығында – «Артықша туған азамат» өлеңінің бірнеше жолы орналастырылған. Оң жағында ою-өрнек үзінділерінен жасалған домбыра контурының айшықты бейнесі мен мерейтой датасын білдіретін «175 JYL» жазуы орналасқан. Монетаны айналдыра JAMBYL және QAZAQ HALYQ AQYNY жазулары, ал төменгі жағында дайындалған жылын білдіретін «2021» жазуы бар.

JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан, номиналы 100 теңгелік, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, таралымы 15 000 дана болып дайындалды.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.  

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Толық ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172 )77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға