Ұлттық Банктің зерттеу гранттары (I)

Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсынуға ізденушілерді конкурстық іріктеу туралы хабарландыру

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсынуға ізденушілерді конкурстық іріктеу туралы хабарлайды.

Гранттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 қаулысымен бекітілген Гранттар беру қағидаларында белгіленген.

Конкурстық іріктеуге қатысуға:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу қызметіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы деректерді жинау, сақтау және (немесе) өңдеу жөніндегі қызметке байланысты мақсаттарға, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын;

2) таратылу немесе банкроттық процесінде емес заңды тұлғалар (бұдан әрі – ізденушілер) жіберіледі.

Ізденушілерді конкурстық іріктеу мынадай зерттеу тақырыптарында өтеді:

  1. Туынды қаржы құралдарының нарығы: даму бойынша кедергілер мен шаралар
  2. Цифрлық қаржы экожүйелері: халықаралық тәжірибеге сәйкес қажетті реттеу өзгерістері

 

Ұлттық Банк өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша зерттеудің бір тақырыбы бойынша біреуден артық грант беру не зерттеулердің кейбір тақырыптарын грантсыз қалдыруға құқылы.

Конкурстық құжаттамада хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыптарының тізімі, зерттеулерге қойылатын талаптар, ізденушілерді іріктеуді жүргізу талаптары, Ұлттық Банк бөлімшелерінің жауапты адамдарының байланыс деректері берілген.

Ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған ізденушілердің өтінімдері Ұлттық Банкке электрондық түрде Қазақстан Ұлттық Банкінің Порталы арқылы беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2022 жылғы 31 мамырынан бастап.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 14 шілде.

238.5 Кб
Жарияланған күні:
35.92 Кб
Жарияланған күні:
35.09 Кб
Жарияланған күні:
21.89 Кб
Жарияланған күні:
13.52 Кб
Жарияланған күні:
41.69 Кб
Жарияланған күні:
17.43 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға