1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ-тың зерттеу гранттары үшін өткен конкурстың қорытындысы шықты

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы қазанда:

1) Қазақстан банк секторының рентабельділігі және қаржылық тұрақтылық: қалыптасу факторлары мен негізгі өзара байланыстарды талдау;

2) Үстеме бағалар, бәсекелестік және олардың Қазақстандағы инфляцияға әсері тақырыптары бойынша жарияланған ҚҰБ қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеу жүргізу үшін гранттар беруге ізденушілер арасында өткізілген конкурстық іріктеудің нәтижес шыққанын хабарлайды.

Конкурстық іріктеу барысында барлығы 11 өтінім түсті.

Әрбір өтінімді екі тәуелсіз рецензент пен зерттеудің тиісті тақырыбына бастамашылық еткен Ұлттық Банктің бөлімшесі қарады. Тәуелсіз рецензент ретінде ғылыми және аналитикалық жарияланымдары, ғылыми дәрежесі немесе зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі бар жоғары оқу орындарының оқытушылары мен зерттеушілер болды. 

Өтінімдерді жан-жақты қарап шыққан грант үлестіру жөніндегі комиссия тәуелсіз рецензенттер мен ҚҰБ бөлімшелерінің қорытындысын ескере отырып, «Nazarbayev University Research Administration» ЖМ ізденушісінің «Үстеме бағалар, бәсекелестік және олардың Қазақстандағы инфляцияға әсері» атты зерттеу тақырыбына № 2100 өтінімін мақұлдау туралы шешім қабылдады.

Гранттарды беру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 Басқарма қаулысымен бекітілген қағидаларда белгіленгенін еске саламыз.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
 www.nationalbank.kz 

Жоғарыға