ҚҰБ зерттеу гранттарына өткен конкурстың қорытындысы шықты
Қазақстан Ұлттық Банкі ҚҰБ қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеу жүргізу үшін ізденушілерге гранттар ұсынуға арналған конкурстық іріктеудің нәтижелері шыққанын хабарлайды. Конкурс 2025 жылдың маусым айында:
1) ЕАЭО аясындағы интеграциялық процестердің Қазақстан экономикасының құрылымына әсері;
2) Қазақстанда жеке тұлғаларды кредиттеу ісін құқықтық тұрғыда талдау тақырыптары бойынша жарияланған болатын.
Гранттар экономикалық зерттеулерді дамыту, ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық пен Ұлттық Банк қызметінің басқа да бағыттарына академиялық қоғамдастықтың ғылыми әлеуетін жұмылдыру мақсатында беріледі.
Конкурстық іріктеу кезінде 2025 жылғы 30 маусым – 13 тамыз аралығында барлығы 9 өтінім түсті.
Әрбір өтінімді екі тәуелсіз рецензент пен зерттеудің тиісті тақырыбына бастамашылық еткен Ұлттық Банктің бөлімшесі қарады. Тәуелсіз рецензент ретінде ғылыми және аналитикалық жарияланымдары, ғылыми дәрежесі немесе зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі бар жоғары оқу орындарының оқытушылары мен зерттеушілері болды.
Грант үлестіру жөніндегі комиссия өтінімдерді жан-жақты қарай келе, тәуелсіз рецензенттер мен ҚҰБ бөлімшелерінің қорытындысын ескере отырып, грант алуға берілген мына өтінімдерді мақұлдауға шешім шығарды:
|
Өтінім № |
Зерттеу тақырыбы |
Ізденушілер |
|
1979 |
ЕАЭО аясындағы интеграциялық процестердің Қазақстан экономикасының құрылымына әсері |
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ |
|
1971 |
Қазақстанда жеке тұлғаларды кредиттеу ісін құқықтық тұрғыда талдау |
Каспий қоғамдық университеті |
Гранттарды беру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 Басқарма қаулысымен бекітілген қағидаларда белгіленгенін еске саламыз.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz