1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк зерттеу жүргізушілерге грант ұсыну үшін байқау жариялайды

Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеу жүргізушілерге грант ұсыну үшін ізденушілер арасында конкурстық іріктеу өтетінін хабарлайды.

Ізденушілер арасындағы конкурстық іріктеу мынадай зерттеу тақырыптары бойынша өтеді:

1) ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестердің Қазақстан экономикасының құрылымына әсері;

2) Қазақстанда жеке тұлғаларды кредиттеуді құқықтық талдау.

Конкурстық іріктеуге:

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу ісіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы деректер жинау, сақтау және (немесе) өңдеу қызметіне байланысты мақсатқа, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын;

- банкротқа ұшырамаған немесе таратылу процесінде тұрмаған заңды тұлғалар қатыса алады.

Ұлттық Банк өтінімдерді қарап болған соң зерттеу тақырыбына сай бірнеше грант беруге немесе мүлдем бөлмеуге құқылы.

Конкурстық құжаттамада хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыбы, зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар, ізденушілерді іріктеу шарттары, Ұлттық Банктегі жауапты тұлғалардың байланыс деректері берілген.

Ізденуші тараптың өтінімдері бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен растала отырып, электрондық үлгіде Қазақстан Ұлттық Банкінің порталы арқылы беріледі.

Өтінім қабылдау басталатын күн – 2025 жылғы 30 маусым.

Өтінім ұсынудың соңғы мерзімі – 2025 жылғы 13 тамыз.

Конкурсқа қатысты сұрақ туындаған жағдайда, мына электрондық мекен-жайларға хабарласуға болады: esaphieva@nationalbank.kz, Kamilla.J@nationalbank.kz.

Еске сала кетейік, грант үлестіру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 Басқарма қаулысымен бекітілген грант үлестіру қағидаларында белгіленген.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға