2025
ҚҰБ-тың зерттеу гранттарын беру конкурсының қорытындысы шығарылды
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы маусымда мынадай:
1) ЕАЭО шеңберінде интеграциялық процестердің Қазақстан экономикасының құрылымына әсері;
2) Қазақстанда жеке тұлғаларды кредиттеуді құқықтық талдау тақырыптары бойынша жарияланған ҚҰБ қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу үшін гранттар беруге ізденушілерді конкурстық іріктеу нәтижелері туралы хабарлайды.
Гранттар экономикалық зерттеулерді дамыту, ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық және Ұлттық Банк қызметінің басқа да бағыттары саласындағы академиялық қоғамдастықтың ғылыми әлеуетін жұмылдыру мақсатында беріледі.
Конкурстық іріктеу барысында 2025 жылғы 30 маусым – 13 тамыз аралығында барлығы 9 өтінім келіп түсті.
Әрбір өтінімді екі тәуелсіз рецензент пен зерттеудің тиісті тақырыбына бастамашылық жасаған Ұлттық Банктің бөлімшесі қарады. Тәуелсіз рецензенттер ретінде ғылыми және талдамалық жарияланымдары, ғылыми дәрежесі немесе зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі бар жоғары оқу орындарының оқытушылары мен зерттеушілер болды.
Тәуелсіз рецензенттер мен ҚҰБ бөлімшелерінің қорытындыларын ескере отырып, өтінімдерді жан-жақты қарау нәтижелері бойынша Гранттар беру жөніндегі комиссия гранттар алуға мынадай өтінімдерді мақұлдау туралы шешім қабылдады:
| Өтінім № | Зерттеу тақырыбы | Ізденушілер |
| 1979 | ЕАЭО шеңберінде интеграциялық процестердің Қазақстан экономикасының құрылымына әсері | «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ |
| 1971 | Қазақстанда жеке тұлғаларды кредиттеуді құқықтық талдау | Каспий қоғамдық университеті |
2024 жылғы 27 қарашада жарияланған Ұлттық Банктің зерттеу гранттарын алуға ізденушілерді конкурстық іріктеу нәтижесі
Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеу гранттарын ұсыну үшін ізденушілер арасында өткен конкурстық іріктеу жұмысының нәтижесі шыққанын хабарлайды.
«Монета-ақша айналысын ынталандыру. Тиімді практика мен табысты стратегиялар» тақырыбына арналған ізденушілердің өтінімі 2024 жылғы 27 қараша мен 2025 жылғы 10 қаңтар аралығында қабылданды.
Осы кезеңде 2 өтінім түсіп, талапқа сәйкестігі тексерілгеннен кейін сарапшылық бағалауға жіберілді.
Әр өтінімді екі тәуелсіз рецензент пен зерттеу тақырыбына бастамашы болған Ұлттық Банктің бөлімшесі қарады. Тәуелсіз рецензент ретінде ғылыми дәрежесі мен зерттеу тақырыбына сай жұмыс тәжірибесі немесе ғылыми әрі талдамалық жарияланымдары бар жоғары оқу орын оқытушылары мен зерттеушілер тартылды.
Грант ұсыну жөніндегі комиссия тәуелсіз рецензенттер мен ҚҰБ бөлімшелерінің қорытынды пікірін ескере отырып, өтінімдерді жан-жақты қарай келе грант бөлмеуге шешім қабылдады.